Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Теміржол билеттерін қайтарғанда айыппұл ұсталмайды

Теміржол билеттерін қайтарғанда айыппұл ұсталмайды

«Жолаушылар тасымалы» АҚ ағымдағы жылдың 15-ші қаңтарынан бастап бағасына байланысты билеттердің деңгейін дифференциациялау мақсатында жол жүру билеттерін қайтарғаны үшін 1000 (мың) теңге көлемінде енгізілген айыппұлды алып тастады, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz «Жолаушылар қызметі» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айыппұл номинальды құны 3500 теңгеге дейінгі билеттерге ғана алынып тасталады. Аталған шара жолаушылар тарапынан түсіп жатқан өтініштерді өңдегеннен және саралағаннан кейін қабылданып отыр.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасы инвестиция және даму министрлігінің 2015 жылдың 30 сәуірдегі №545 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы теміржол көлігіндегі жүкбагажын, багажды, жолаушыларды тасымалдау ережесінің» №255 тармағына сәйкес билет бағасы 3500 теңгеден жоғары болса қайтарылған жағдайда 1000 теңге көлеміндегі комиссиялық алым салынады.
Аталған шара билеттерді заңсыз қайта сатумен күресу мақсатында қабылданған болатын, бұл орайда жолжүру құжатын қайтару 30% қысқарды.                                                  

15 қаңтар 2019 ж. 611 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области