Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Мәдина Сәдуақасоваға күйеуі жаныңда жүрген көмекші жігіттерді жұмыстан шығаруды талап еткен

Мәдина Сәдуақасоваға күйеуі жаныңда жүрген көмекші жігіттерді жұмыстан шығаруды талап еткен

Мәдина Сәдуақасова – қазақ эстрадасындағы ең сұлу әншілердің бірі. Дәл осы себепті күйеуі Олжас Смағұлов әншіні еркек атаулыдан қызғанады. Тіпті, Мәдинаның режиссер күйеуі оның өнердегі әріптестерімен дуэт айтуына қарсы, деп жазады Stan.kz.

Бұған дейін Мәдина Төреғалимен дуэт айту үшін күйеуін әрең көндіргенінайтқан еді. Әнші, тіпті күйеуін қызғандырмау үшін жаңа дуэттегі ән мәтінін екі мәрте өзгерткен. Алайда Смағұловтың қызғанышы мұнымен бітпейді. Ол Мәдинаға “жаныңда жүрген көмекші жігіттерді жұмыстан шығар” деп қатаң талап қойған.
“Соңғы 7-8 айда төрт-бес адам ауысқан шығар. Барлығын санап қарасам, Сәкен, Азамат, Руслан, Қайыржан болды. Әйгерім Қайнарбек, ендігі көмекшім қыз бала. Өйткені менің жолдасымның шарты болды. “Жолға, сапарға кеткен кезде, көйлегіңді, киімдеріңді ауыстырғанда ер баланың жүргенін қаламаймын, қыз болсын”, – деді”, – деп еске алды Мәдина КТК арнасының “Инсталайық” бағдарламасында.
Мәдина Олжастың айтқанын орындады, есесіне өз қалауынан да бас тартпады.
“Менің өнерімде ешқандай жігіт болмасын деді. Қалай өнерде ер адаммен дуэт болмайды? Қалай ер адам бейнебаянға түспейді? Олжас, сен түсінші. Ол өнер, сахна. Сен түсінесің, сен режиссерсің. Киноның, театрдың, әннің, сахнаның не екенін білесің. Жарайды, өзің айтқандай, қасымда қыз бала жүреді. Бірақ осы сәттен бастап біз жігіттермен дуэт жазамыз дедім, ол да келісті”, – дейді Сәдуақасова.

18 қаңтар 2019 ж. 497 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области