Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада әрбір тұрғын айына 44 келі жылқы етін ала алады

Қызылордада әрбір тұрғын айына 44 келі жылқы етін ала алады

Қазақстандықтардың әл-ауқатын жылқы еті индексімен анықтауға болады, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Экономист Евгений Кочетов Қазақстанның барлық өңіріндегі ет индексін жасап шығарды.
«Әлемде елдің ауқаттылығын анықтайтын бірнеше индекс бар. Мәселен, Ресейде «бутерброд индексі», валютаның нақты құнын анықтайтын «Биг Мак» индексі бар. Оған балама ретінде «ET INDEX-iн» ұсынамын», - деді Евгений Кочетов.

Қазақстандық индекстің негізі ретінде жылқы еті таңдап алынған, себебі дәл осы жылқы еті ұлттық асханада маңызды рөл ойнайды. Яғни, индексте қазақстандықтардың жылқы етін сатып алу мүмкіндігі қарастырылады.
«Мәселен, қаңтар айында атыраулықтардың табысы шамамен 112 келі ет алуға мүмкіндік береді. Ең төмен көрсеткіш Түркістан облысында тіркелген, өңір тұрғындары айына 27 келі ет ала алады. Бірақ, бір келі жылқы етінің бағасы Атырауда 1680 теңге болса, Түркістан обылсында - 1600 теңге», - деп атап өтті Е. Кочетов.
Оның айтуынша, «ET INDEX-i» әр айдың 15-і күні жүргізіледі және осылайша өңірлердегі халықтың әл-ауқатын анықтауға болады.
Қаңтар айындағы индекске сәйкес, ең көп жылқы етін Атырау облысының тұрғындары ала алады - әр адамға 112 келі еттен келеді. Маңғыстау облысында бұл көрсеткіш 75 келіні, Астана мен Алматыда 74 және 71 келіні көрсеткен. Батыс Қазақстан облысында - әрбір тұрғын айына 61 кг жылқы етін ала алады. Ең төмен көрсеткіш Шымкент қаласы (35 келі) мен Түркістан обылсында (27 келі) тіркелді.
Ет бағасына келсек, ең қымбат жылқы еті Алматы қаласында сатылады (бір келісі - 2000 теңге). Ең арзан ет Шығыс Қазақстан облысында (1527 теңге). Аудандар арасында ең қымбат баға Алматы облысының Іле ауданында (1 келі жылқы еті - 2150 теңге), ең арзан баға - Павлодар облысының Железин ауданында (1370 теңге).
Ал қызылордалықтардың табысы 44 келі ет алуға жетеді.


18 қаңтар 2019 ж. 494 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области