Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Оқушылар отандық телеиндустрияның даму қарқынымен танысты

Оқушылар отандық телеиндустрияның даму қарқынымен танысты

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің бір топ оқушылары Сыр өңіріндегі телеарналарда танымдық экскурсиямен болып, телевизия саласы мамандарының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.
Зияткер оқушылар көгілдір экраннан күнделікті көрсетілетін ақпараттық, танымдық, сараптамалық бағдарламаларды әзірлеу технологиясы мен телеарна қызметкерлерінің атқаратын жұмыстарын көзбен көруге мүмкіндік алды. Алдымен «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының Қызылорда облысындағы филиалы «Qyzylorda» мекемесін аралады. Мұнда жас мамандар, яғни бағдарламалар бөлімінің рекдакторы Альбина Байдусенова мен қоюшы-режиссер Жансая Ұланқызы оқушыларды қарсы алып, жас өрендерді телеарнаның тыныс-тіршілігімен таныстырды. «Жаңа күн» хабары, «Жаңалықтар» қызметі, «Денсаулық» телеемханасы секілді туындылардың студияларын тамашалаған жас жеткіншектер өздерін хабар жүргізушісі мен қонағы ретінде сынап көрді. Оператор, дыбыс және қоюшы режиссерлермен бірлесіп, камера алдыңда жұмыс жасады.
«Телевизия – ол үлкен сала. Бір ғана хабарды дайындау үшін кемінде 10 адам ат салысады екен. Және де олардың әрқайсысының қосар үлесі зор екенін көрдік», – дейді 7-сынып оқушысы Жібек Көшербаева.
«Қоғам ТВ» Қызылорда қалалық телеарнасында оқушылар виртуалды студия, дыбыс жазу сияқты технологиялармен танысып, таным көкжиектерін кеңейте түсті. Сондай-ақ, экскурсия барысында жас өрендер тележүргізушілердің сөйлеу мәнеріне, дауыс ырғағына, қимыл-қозғалысына ерекше мән берілетіндігін аңғарды. Камера алдында әдемі сөйлеу үшін кәсіби жүргізушілер оқушыларға көптеп кітап оқу керектігі туралы кеңестерін берді.
«Бүгінгі шара өте пайдалы әрі мазмұнды өтті. Біз отандық телеиндустрияның даму қарқыны жоғары екендігін көрдік. Әрі көгілдір экраннан сапалы материалды көрермендердің назарына ұсыну үлкен жауапты іс екендігі байқалады», – деп 9-сынып оқушысы Нұрай Тоқсанбай алған әсерімен бөлісті.
Айта кетейік, іс-шара мектеп жанынан ашылған «Сөз шебері» клубының жылдық жоспары аясында ұйымдастырылды. Қазіргі таңда шешендік өнер үйірмесінің 7-9 сынып оқушыларынан құралған 20-дан астам тұрақты мүшесі бар. Жобаның мақсаты оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, көпшілік алдында еркін сөйлеуге үйрету, іс-шаралардың жүргізушілері мен спикерлерін дайындау болып табылады.



23 қаңтар 2019 ж. 458 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области