Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Елбасы: Еліміздің ірі қалаларында жастар үшін жылына 1 мың пәтер салынады

Елбасы: Еліміздің ірі қалаларында жастар үшін жылына 1 мың пәтер салынады

Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жастар үшін жылына 1 мың пәтер салынады. Бұл туралы Жастар жылының ашылуына арналған салтанатты жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Баспана проблемасының өзектілігін ескере отырып, қанша құрылыс жүргізілсе де, ірі қалаларда тұрғын үй жас отбасыларға жеткіліксіз болып келеді. Осы орайда тұрғындары миллионнан асқан үш қала бойынша тиісті тапсырма бермекпін. Атап айтқанда, халқы миллионнан асқан шаһарлар көбірек болғанын қалаймын, себебі осындай қалаларда білім беру, ғылым мен мәдениеттің даму қарқыны жоғары болады. Сарапшылардың айтуынша, әлемнің 600 ірі қаласы әлемдік өнімнің 60 пайызын өндіру көрсеткішіне жетеді. Бізде ірі шаһар ретінде Алматы ғана болған еді, енді Астана мен Шымкент те осы деңгейге жетті. Тағы да екі қала осындай межеге жету алдында тұр. Осы ірі қалаларда жылына 1 мыңнан кем емес пәтер жұмыс істейтін жастар үшін салатын боламыз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке берген тапсырмасында.
Мемлекет басшысының атап өтуінше, осы пәтерлер арендалық баспана санатына жатқызылуы керек.
Сонымен қатар Президент бұл бағыттағы мәселені шешуге «7-20-25» бастамасы да бағытталғанын жеткізді.
«Осындай баспанаға жұмыс істейтіндер үміт арта алады. Жұмыс - ол әл-ауқаттың негізгі көзі. Біз Қазақстанда патернализмді дамытқымыз келмейді, яғни барлығын мемлекетке жүктеп қойған дұрыс емес. Өздеріңіздің істеріңізбен мемлекетке қолдау жасауларыңыз керек. Сондықтан жас қызметкерлер үшін баспана жағдайын жасауға барлық меншік түріндегі кәсіпкерлерлер белсенді түрде қатысуы қажет. Бұл тұрғыда біздің барша ірі компанияларға үндеу жасар отырмын», - деді Президент.
Еске сала кетсек, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына биылғы Жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынған болатын.
Президент өз сөзінде жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керектігін айтқан еді. Ал, арада бір айдан астам уақыт өткенде Елбасы Жарлығымен 2019 жыл Жастар жылы деп жарияланды.

23 қаңтар 2019 ж. 477 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области