Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 22 өңірлік ХҚО бөлімінде жүргізуші куәлігін ауыстыруға болады

22 өңірлік ХҚО бөлімінде жүргізуші куәлігін ауыстыруға болады

Еліміздің 11 облысы бойынша 19 аудандық және 3 қалалық халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы аймақ тұрғындары жүргізуші куәлігін ауыстыра алады, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Онда көлікті тіркейтін және жүргізуші куәлігін ауыстыру жұмыстарымен айналысатын аудандық әкімшілік полицияның тіркеу-емтихан алу бөлімінің мамандары қызмет көрсетеді. 2018 жылы аталған аудандық ХҚО-лар арқылы 12 мыңдай көлік жүргізушісінің куәлігі берілген.
Бұл секторлар арқылы азаматтар мерзімі бітуге таяу жүргізуші куәлігін жаңасына алмастыра алады, бұл ретте тиісті емтихандарды тапсырып, медициналық тексерістен өтудің қажеті жоқ. Аймақ тұрғындары көлік жүргізу құжатын жоғалтқан жағдайда аталған ХҚО-ларда уақытша құжат ала алады. Оның жарамдылық мерзімі 1 ай, кейін «жоғалғанның орнына» белгісімен жаңа көлік жүргізу куәлігі беріледі.
Бұл ретте көлік жүргізу құқығынан айырылған тұлғалар жүргізуші құжатын қалпына келтіру үшін тиісті емтихандарды тапсыру керектігін еске саламыз.
Бұдан бөлек, көлікті тіркеу және жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыру қызметінің электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асыруға болатынын еске саламыз. Бұл үшін көлік жүргізушісінің электрондық цифрлық қолтаңбасының болуы шарт. Портал арқылы өтінішпен қоса фотосурет және қойған қолының скан-суреті де жолданып, баж салығы төленеді. Жеке кабинетке құжаттың дайын болғандығы туралы хабарлама келген соң, (мобильді азаматтар базасына тіркелген жағдайда хабарлама SMS түрінде келеді) мамандандырылған ХҚО-ға барып, дайын жүргізуші куәлігін алып кетуге болады.

Жүргізуші куәлігін ауыстыруға болатын аудандық ХҚО мекенжайлары

Облыс атауыАудан атауыОблыс атауыАудан атауы
Алматы облысыЕңбекшіқазақ ауданыҚызылорда облысыҚазалы ауданы
Ақмола облысыЕсіл ауданыЖалағаш ауданы
Ақкөл ауданыАрал ауданы
Степногорск қаласыЖаңақорған ауданы
Жамбыл облысыСарысу ауданыҚармақшы ауданы
Талас ауданыШиелі ауданы
ШҚОЖарма ауданыПавлодар облысыАқсу қаласы
БҚОҚазталов ауданыСҚОТайыншы ауданы
Бөрілі ауданыМаңғыстау облысыБейнеу ауданы
Қарағанды облысыҚарқаралы ауданыТүркістан облысыТүркістан қаласы
Осакаров ауданыСайрам ауданы
23 қаңтар 2019 ж. 500 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области