Алғашқы ақылы ҰБТ қорытындысы жарияланды
Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының басшысы Рамазан Әлімқұлов қысқы Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижелерін жариялады, - деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz
Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
2019 жылдан бастап Қазақстанда ҰБТ-ны жылына төрт рет тапсыруға болады: қаңтар, наурыз, маусым және тамыз айларында.
"Қаңтар, наурыз және тамыз айларында ҰБТ-ға қатысу талапкерге тек ақылы бөлімге түсуге құқық береді. Егер талапкер мемлекеттік грантты алғысы келсе, онда ол міндетті түрде маусым айында ҰБТ тапсыруы керек, тек соның қорытындысы бойынша ол грант конкурсына қатыса алады. Жоғарыда аталған шараларды өткізуге бірде-бір тиын мемлекеттік бюджеттен жұмсалмайтынын атап өту қажет", - деді Рамазан Әлімқұлов.
18-20 қаңтар аралығында бірінші қысқы ҰБТ өтті. Оған қатысу үшін 35 838 адам өтініш берді, оның ішінде 25 615 адам қазақ тілінде білім алады. ҰБТ-ға 34 687 адам қатысты. 24 012 адам межелік деңгейден асты, ал 10 675-ы өте алмады.
"Республикалық апелляциялық комиссияға тест мазмұны бойынша 8 өтініш берілді, оның 3-еуі қанағаттандырылды. Өткен жылы тест тапсырмаларының мазмұны бойынша 243 өтініш түсті, оның 101-і қанағаттандырылды. Осы орайда, қанағаттандырылған 21 тест сұрақтарының ішінен дұрыс құрастырылмаған тапсырма, ал қалғандары негізінен дұрыс жауап дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келмейді - 56", - деді Ұлттық тестілеу орталығының өклдері.
Барлық түлектерге сертификатпен бірге ақпараттық парақтар беріледі, онда: құжаттар бере алатын білім беру бағдарламаларының тізбесі; осы жылы бөлінетін гранттардың саны; өткен жылғы грантқа арналған конкурстың нәтижелері және өткен жылғы жартылай өту балдары көрсетіледі.
Талапкерлер дәлелді себептермен тапсыра алмаған болса, келесі жолы ҰБТ тапсыру мүмкіндігі беріледі.