Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Электрондық үкімет негіздері мектепте үйретіледі

Электрондық үкімет негіздері мектепте үйретіледі

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бастамасымен информатика пәні бағдарламасына «электрондық үкімет порталы» бөлімдері енгізіледі. Мемлекеттік корпорацияның бұл ұсынысын ҚР Білім және ғылым министрлігі қолдап, тиісті бұйрыққа Ерлан Сағадиев қол қойды. Осылайша, 11-сынып оқушыларының оқу бағдарламасына қажетті өзгерістер ендіріледі, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz корпорацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына сәйкес, орта, техникалық және жоғары кәсіби білім беру ұйымдарында цифрлық сауаттылықты арттыру қажет. Балалар мектеп жасынан-ақ цифрлық технологиялардың тілін түсініп, түрлі электрондық жүйені қолдануды үйренуі тиіс. Осы орайда, 11-сынып оқушылары ақпараттық технологиялар мен ондағы қауіпсіздік сабақтары аясындаэлектронды үкімет порталының жұмыс істеу алгоритімін біліп, электрондық құжаттар, цифрлық қолтаңба сияқты терминдермен танысып, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алу үрдісін үйрене алады.
«Орта есеппен жыл сайын мектепті 140 мың оқушы тәмамдайды десек, мемлекеттік қызметтерді ХҚО-ға бармай-ақ алуды білетін «цифрлық» ұрпақ саны жыл өте көбейіп отырады. Оның үстіне, ол балалар ата-аналарына, ата-әжелеріне электронды үкімет порталын қолдануға көмектесе алады. Бұл халық арасында цифрлық сауаттылық көрсеткішінің артуына, сөзсіз, әсер етеді»,– дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Аблайхан Оспанов.

Айта кетейік, бүгінде еліміздің 16 өңірінде ашылған Цифрлық ХҚО арқылы тегін «Цифрлық сауат ашу» курстарына қатысып, электрондық үкімет порталымен жұмыс істеу дағдыларын үйренуге болады. Осы күнге дейін 5 мыңнан астам адам аталмыш курстардан өтіп, тиісті сертификаттар алған. Оған қоса, 2018 жылы мемлекеттік корпорацияның ұйымдастыруымен «Электрондық үкімет және электрондық мемлекеттік қызметтер» курсынан жергілікті атқарушы органдардың 3500 өкілі өтті. Олар, өз кезегінде, жаттықтырушы мәртебесін алып, алған білімдерін 686 мың азаматқа үйретті.
24 қаңтар 2019 ж. 466 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области