Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 25 қаңтар:атаулы күндер мен оқиғалар

25 қаңтар:атаулы күндер мен оқиғалар


1966 жылы
Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясы ашылды. Филармонияның құрамына «Орал сазы» фольклорлық ансамблі, «Назерке» халық биі ансамблі, жастар ансамблі және басқа да ансамбльдер кіреді.

2005 жылы ҚР Ғарыштық қызметті дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.

2006 жылы Еуразия мәдениет қоры «Ұлт игілігі» сыйлығын тағайындады. Ол мемлекет, қоғам, дін, ғылым, экономика, әдебиет, өнер, ағарту және спорт саласы қайраткерлеріне беріледі. «Ұлт игілігі» Қазақстанның мемлекеттілігін, экономикасын, ғылымы мен мәдениетін дамытуға сүбелі үлес қосқан, қызметі өз Отанымен қатар халықаралық қауымдастық арасында да танымал болған республика азаматтарына беріледі. «Ұлт игілігі» сыйлығының лауреатына ең жоғарғы награда «Алтын пайза» белгісі мен 1 миллион теңге тағайындалған. Кейбір жағдайларда «Алтын пайза» белгісімен басқа мемлекеттердің өкілдері де марапатталуы мүмкін. Бұл кезде оларға награда («Алтын пайза» белгісі) ғана беріліп, «Ұлт игілігі» сыйлығы мен ақшалай қаржы төленбейді.

1992 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Экономиканың тұрақтануы мен нарықтық қайта құрылу мерзіміне Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметін ұйымдастыру туралы» Жарлыққа қол қойды.

2008 жылы Бүкіләлемдік кедендік ұйымның бас хатшысы Мишель Дане халықаралық кеден бiрлестiгiнiң қызметiне, Қазақстанмен өзара бірлестігін дамыту және күшейтуге қосқан үлкен үлесі үшін 2-дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды. Марапаттау рәсімі Брюссельде, Бүкіләлемдік кеден ұйымының штаб-пәтерінде Халықаралық кеден күнін тойлау шеңберінде өтті. Мерекелік шарада Бүкіләлемдік кедендік ұйымның хатшы қызметкерлері, Брюссельде тіркелген дипломатиялық корпустың және халықаралық ұйымдардың кеден әкімшілігінің өкілдері қатысты.

2006 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин 1998 жылғы шілденің 6-сындағы Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы жер қойнауын пайдалануға арналған егеменді құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізінің солтүстік бөлігі табанының ара-жігін ажырату туралы Келісімнің хаттамасына өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойды. Сондай-ақ жоғары деңгейдегі Қазақстан-Ресей кездесуі нәтижесінде атом қуатын бейбіт мақсатқа қолдану жөніндегі ынтымақтастық туралы екі ел президенттерінің бірлескен мәлімдемесі қабылданды.

2008 жылы Алматыда белгілі қоғам қайраткері Дәмеш Бейсенқызына ескерткіш тақта орнатылды. Дәмеш Бейсенқызы (1921-2004) халық үшін аянбай қызмет еткен қазақтың аяулы қыздарының бірі. Дәмеш Бейсенқызы Қарағандыда туып, осында педагогикалық институтты бітірген, партия-кеңес қызметтерінде болған. Ол көп жыл бойы Қазақ ССР Сауда министрінің орынбасары қызметін атқарған.

2008 жылы Қызылорда облысы Шиелі кентінің орталығында халыққа қызмет көрсету орталығының жаңа ғимараты аудан халқына есік ашты. Орталықта халыққа 15 терезе қызмет көрсетеді. Орталықтың жаңа да сәнді ғимаратын осындағы «Өндірісқұрылыссервиз Е» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сапалы әрі жылы етіп, алдын ала жоспарланған мерзімде салып бітірді.
25 қаңтар 2019 ж. 516 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области