Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Бала бойындағы талантты ашудың 9 сыры

Бала бойындағы талантты ашудың 9 сыры

Кез келген ата-ана баласының ақылды және дарынды болғанын қалағанымен, баланың қабілеті бәрінде бірдей бола бермейді. Тіпті кейбір ата-аналар баланың бойындағы жоқ дарынды қолдан жасағысы келеді. Бұл қаншалықты дұрыс? Назарларыңызға massaget.kz сайты жас өскіннің бойынан байқалған дарынды қалай дамытуға болатыны жайлы кеңестерді ұсынамыз.
1. Бала бойындағы талантты 2 жастан бастап дамытуға болады. Сәби әлемдегі құбылыстарды көру және есту арқылы қабылдайды. Сондықтан айналадағы әрбір құбылысты олардың назарынан қалдырмай түсіндіріп отыруда еріншектік танытпаңыз.
2. Ойыншық таңдағанда ойды дамытуға арналғандарын алуға әрекет жасаңыз.
3. Ойыншықтар баланың жасына сәйкес болсын. Ойды дамытатын ойыншықтармен түске дейін, түстен кейін шығармашылық ойды дамытуға арналғандарын беріңіз.
4. Баламен қарым-қатынас еркін, анық, түсінікті және жылы болсын.
5. Балалар ойнап жатқанда кедергі жасамаңыз. Өз ойы және қиялымен болсын.
6. Оқу және жазуды үйренген кезде ойдан ертегі құрастырып айтып беріңіз. Мүмкін баладан жақсы жазушы шықпасына кім кепіл?
7. Егер балаңыз өзіне не керек екенін анықтай алмаса, түрлі үйірмелерге жаздырыңыз. Спорт, шығармашылық, техника осылар арқылы ол өзінің жолын таңдауға мүмкіндік алады.
8. Жетістіктерін мақтап отыруды ұмытпаңыз.
9. Уақытты көбірек бірге өткізуге тырысыңыз. Оның жан дүниесіне не керек, қиын кезде қалай көмектесу керек? Бұлардың бәрінен хабардар болып отырыңыз. Ата-анасының махаббаты, жылулығы балаға сенім береді.
26 қаңтар 2019 ж. 750 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области