Бала емізудің артықшылығы
Омыраумен емізу – бұл жаңа туылған нәресте үшін толыққанды тамақтану яғни құрамында баланың иммундық жүйесін нығайтуға арналған анидене және барлық құнарылылығы бар тамақ. Ол жеңіл қортылады және баланы инфекциядан қорғайды. Омырау емізу барысында ана мен баланың арасында эмоциялық байланыс пайда болады. Омырау емген баланың ақыл есінің даму көрсеткіші өте жақсы болып, ЖРВИ, анемия және мешелдікпен анағұрлым сирек ауруларады. Оларда қан ауруы, қатерлі ісіктердің пайда болуы, қант диабеті, ас қорту жүйелерінде созылмалы түрдегі аурулардың дамуы сирек болады.
Өмірінің алғашқы 6 айында, негізгі қоректік тамағы жалғыз ғана омырау сүті болуы қажет. Сіздің балаңыздың дамып өсуіне омырау сүті құрамында басты негіз болатын ақуыз бар. Бала туылған соң алғашқы 2-3 күнде омырау безінен «шығатын» уыз деп аталады – бұл алғаш шығатын сүт оның құрамы және майлылығы жағынан жетілген сүттен өзгеше болады. Оның құрамында өте жоғары концентратты ақуыздар, микроэлементтер майды ерітуші витаминдер бола тұра көмірсутегі аз болады. Жаңа туған нәрестенің ішегіне алғашқы микрфлора орнатады, бөбекті қоректендіріп, жақсы сіңіріп бала ішектерін меконнан (алғашқы нәжісі) тазалауға жағдай жасайды және сонымен қатар баланы сарыаурудың даму қаупінен қорғайды. Уыз сессия мен емес аз мөлшерде бірақ тұрақты бөлініп шығады. Сондықтан шыққан омырау сүтінің ең тиімді тәсілі – сәбиді тұрақты түрде омырауға салып емізу. Омырау ұшының тітіркенуін ынталы түрде емізіп күшейту.Анаға омыраумен емізуде оңтайлы ықпал ету: омырау емізу кезеңінде жатыр тез жиырылады, қайта жүкті болудан сақтайды және омырау безі обыры, аналық безі обыры, қан кету қаупі (анемия болу) мүмкіндіктерін төмендетеді сонымен қатар, ана мен баланың арасында эмоциялық байланысты қалыптастырады және ананың психологиялық жағдайына оң әсерін тигізеді.
Баланы омыраумен емізудің негізгі маңызды сәттері: баланың басы мен оның бүкіл денесін бірбеткей ұстау керек. Оның беті ананың омырауына қарауы ал мұрны емшек ұшына қарсы тұруы тиіс. Ана баланы тек басы мен иығынан ғана емес, баланың бүкіл денесін өзіне жақын ұстап, бланың төменгі жағын толықтай демеп ұстау қажет.
Баланы омырауға салудың негізгі дұрыс белгілері: бала иегі омырауға тиюі. Оның аузы кең ашық болуы. Баланың астыңғы ернінің созылуы. Баланың аузында омырау ұшының үлкен бөлігі көрінуі керек, оның астында емес. Баланың екі беті домаланып немес «ана омырауның тиюі». Ана омырауы емізу барысында дөңгелек пішінде болады.
Емізуге ықпал етуші оң факторлар: сәбиді барынша көп емізу, аналарды эмоционалдық қолдау, титықтаудың (стресс) болмауы және оған қамқарлық. Сонымен қатар омырауды ұзағырақ емізу (көбірек емізсең, келесі емізуде сүт көбірек бөлініп шығады).