Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Дәрігер мен науқастың сөзі диктофонға жазылады

Дәрігер мен науқастың сөзі диктофонға жазылады

Мұндай шешім Қарағандыда қабылданды. Емханалардағы бөлме есіктеріне дәрігер мен науқас арасындағы әңгіме аудио таспаға жазылатындығы туралы ескертпе ілінген.

«eKaraganda.kz» сайтының хабарлауынша, облыстық денсаулық сақтау басқармасы осындай тәсілмен науқастар тарапынан түсетін шағымдарды азайтпақ. Диктофондағы жазба бір ай ғана сақталады. Тек оны басқарма басшысы тыңдайды.
Көп ұзамай облыс орталығындағы емханалар дыбыс жазатын құрылғымен қамтамасыз етілмек.
Ал тұрғындарды «бұл шара заңға сыя ма?» деген сұрақ мазалайды.
Қызылорда облысына келсек, дәрігер мен науқастың сөзін аудио таспаға жазу туралы шешім қабылданбаған. Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Нұржамал Бектайқызының айтуынша, жедел жәрдем қызметінің кейбір фельдшерлері жеке басының қауіпсіздігі үшін диктофонға жазып алады-мыс.
«Олар қаланың әр қиырына барады, неше түрлі адам бар, дәрігерлерді ұруы да, балағаттауы да мүмкін. Сондай қауіпті сезгендері диктофонын іске қосады екен. Жалпы, қызылордалық дәрігерлер дыбыстық жазбаға жүгіне бермейді», – дейді ол.
30 қаңтар 2019 ж. 471 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области