Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Еліміздің басым бөлігінде қатты жел соғады – Қазгидромет

Еліміздің басым бөлігінде қатты жел соғады – Қазгидромет

«Қазгидромет» РМК 31 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның басым аумағында оңтүстіктен шығатын циклон әсерінен ауа райы құбылмалы болады, жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын күтіледі, тек батыс пен солтүстікте ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Кей жерлерде республика бойынша тұман сақталады, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел күшейеді.
Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейіп, бұрқасын соғады.
Алматы облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі, түнде жел 18-23 м/с, Алакөл ауданында 20-25, екпіні 30 м/с күшейеді. Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с, түнде екпіні 25 м/с күшейеді.
Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұрқасын болады.
Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Қызылорда облысында - кей жерлерде көктайғақ болады.

31 қаңтар 2019 ж. 409 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области