Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша жәрдемақы 30%-ға артады

Еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша жәрдемақы 30%-ға артады

Мемлекет Басшысы еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылғандарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшерін 30% дейін арттыруды қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Мемлекет Басшысының тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ағымдағы жылдың наурыз айында Үкіметтің Қазақстан Республикасының Парламентіне қарауға енгізетін «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңының жаңа редакциядағы жобасын әзірледі.
Заң жобасында әлеуметтік төлемдерді есептеудің тетіктерін өзгерту көзделген, оның ішінде:
міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі мен әлеуметтік төлемдердің мөлшері арасындағы өзара байланысты күшейту;
еңбек ету қабілетінен айырылу төлемдерін орташа емес, жеке еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесіне байланысты анықтау;
асырауындағылар санының коэффициентін арттыру;
жұмысынан айырылған адамдарға төлемдерді өтеу деңгейін арттыру.
Заң жобасын жүзеге асыру әлеуметтік қатер туындаған жағдайда жұмыс істейтін азаматтардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған.
03 ақпан 2019 ж. 579 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области