Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Алтын сапа»-2019: Өтінім қабылдау басталды!

«Алтын сапа»-2019: Өтінім қабылдау басталды!

«Атамекен» ҚР ҰКП кәсіпкерлер арасында ҚР Президентінің «Алтын Сапа» сыйлыған иеленуге арналған байқауы және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауына қатысуға өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Байқаулардың мақсаты – отандық тауар өндірушілерді қолдау және нарықты сапалы әрі бәсекеге қабілетті отандық тауарлармен молықтыруға атсалысу.
Байқауларға Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар өндірумен (қару-жарақ пен әскери техника өндіруді қоспағанда), қызметтер көрсетумен айналысатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қатыса алады.
Мемлекеттің қатысу үлесі 50%-дан асатын ұйымдар, сондай-ақ өздеріне қатысты белгіленген тәртіппен оңалту және банкроттық рәсімдерін жүзеге асыру туралы шешімдер қабылданған ұйымдар байқауға қатыса алмайды.
Байқауларға қатысуға ниет білдірген тұлғалар 2019 жылғы 1 шілдеге дейін өңірлік кәсіпкерлер палаталарына немесе www.altynsapa.kz сайтына электронды нұсқада өтінім жіберу керек.
Байқауларға қатысушылардың рәсімдеу Қағидаларына сәйкес рәсімделген байқау материалдары (есептер), таныстырылымдар және байқауға қатысушылардың материалдарын алдын ала бағалауы (байқаулар сайтынан қарау керек) өңірлік кәсіпкерлер палаталарына немесе электронды түрде www.altynsapa.kz сайтына жіберілуі керек.
Байқаулар бойынша толық ақпаратты ресми сайттан және мына телефон арқылы білуге болады: 8 (7172) 919-388
Естеріңізге салсақ, 2018 жылы «Алтын Сапа» байқауында үздік кәсіпорын атағына алуға 182 шағын, орта және ірі бизнестің өкілі «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын», «Халыққа арналған тауарларды шығаратын үздік кәсіпорын», «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын», «Азық-түлік тауарлары және/немесе ауыл шаруашылығы өнімін шығаратын үздік кәсіпорын» сынды 4 аталым бойынша қатысты.
07 ақпан 2019 ж. 497 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области