Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 8 ақпанға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Өзіңізге керек емес заттардан құтылыңыз. Тек заттардан ғана емес, сондай-ақ сізге қуаныш сыйлай алмайтын, көңіліңізге қаяу түсіріп жүрген қарым-қатынастарды да үзіңіз. Қандай да бір ұсыныс алсаңыз да, оның жауабын беруге асықпаңыз.

Торпақ
Эмоцияға көп берілмеңіз және өзіңізге көп салмақ салмаңыз. Жақын адамыңыздан қарыз алуыңызға болады. Дүкен аралайтын болсаңыз, бүгін жолыңыз болатынына сеніңіз. Бірақ электронды жабдықтар сатып алмағаныңыз жөн.

Егіздер
Өткенді ойлап бас қатырмаңыз. Жаңашылдыққа ұмтылыңыз. Біліміңізді жетілдіріп, алдыңызға мақсаттар қоя біліңіз. Мақсаттарыңызға жетуде қателіктер, қиындықтар болуы мүмкін. Алайда сіз мойымаңыз.

Шаян
Бүгін қайырымдылық жасайтын күніңіз. Ішкі эмоцияңызды шығаруға, өз сезіміңізді білдіруден және махаббатыңызды мойындаудан қорықпаңыз. Әлдекімдермен келіспей қалудан және өмірге өкпе артудан арылыңыз.

Арыстан
Таңертеңгілік ештеңе жоспарламаңыз. Өткен істердің нәтижелерін талдап, таразылауға және алдыңызға мақсат қоюға өте қолайлы күн. Кешке қарай театрға, мейрамханаға немесе қонаққа барыңыз.

Бикеш
Тез әрекет етсеңіз, әрбір ісіңіз нәтижелі болмақ. Жоспар құрып уақытты босқа кетіріп алмаңыз. Дүкен аралап көңіліңізді көтеремін деп ойласаңыз, ол ойыңыз жүзеге аспайды.

Таразы
Жаман әдеттерден арылып, салмақ тастауды ойлап жүрсеңіз бүгінгі күн өте қолайлы. Бүгін өзіңізді қызықтырып жүрген істерді тізіп, өзіңізге қуаныш сыйлайтын жұмыстармен айналысыңыз.

Сарышаян
Тәртіп орнатып, айналыңыздағылардың мазасын алмаңыз. Әр нәрсеге бола күйгелектенудің қажеті жоқ. Бүгін жаңа өмірге қадам басып, белсендірек болыңыз. Кез келген істі қолға алуға тырысыңыз және тәуекелге бел буыңыз.

Мерген
Бүгінгі күн аздап қиындау болады. Жақындарыңызбен қарым-қатынасты түзетемін деп әбігерге түспеңіз. Қиын тапсырмалардың жауабын табамын деп өзіңізге қиындық тудырып алмаңыз.

Тауешкі
Бүгін қызметіңіз жоғарылап, табыс табудың жаңа көздері пайда болады. Сонымен қатар сүйікті ісіңізді қолға аласыз. Өзіңіздің ұстанымдарыңыздан таймаңыз, сізге сеніп айтылған өзгелердің құпиясына берік болыңыз. Өзгелерді әңгімелеудің қажеті жоқ.

Суқұйғыш
Қиын тапсырмаларды өз мойныңызға алмауға тырысыңыз. Күш-қуатыңызды бос әңгімелерге, келіспеушіліктерге жұмсамаңыз. Біліміңізді жетілдіру сіз үшін қиынға соғады.

Балықтар
Қордаланып қалған мәселелерді шешуге тырысыңыз. Ол мәселелерге сіз көптен бері көңіл бөлмегеніңіз анық. Құжаттар тұрған шкафтар мен сөрелерді жиыстырып, жұмыс үстеліңізді де ретке келтіріңіз. Түстен кейінгі уақытта маңызды ақпаратқа қол жеткізесіз.
08 ақпан 2019 ж. 435 0

Ұқсас жаңалықтар:

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области