Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының Саяси кеңесі мен Қызылорда облысы Қоғамдық кеңесінің бірлескен отырысы өтті

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының Саяси кеңесі мен Қызылорда облысы Қоғамдық кеңесінің бірлескен отырысы өтті

«Нұр Отан» облыстық филиалының Саяси кеңесі мен қоғамдық кеңестің бірлескен отырысында Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев Астанадағы Қауіпсіздік кеңесі отырысында қабылданған мәселелер мен 2019 жылға арналған міндеттерді баяндады, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында аймақ басшысы өткен жылдың қорытындысын шығарып, 2019 жылға арналған міндеттерді белгіледі.
«Кеше Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Қызылорда облысының бірқатар мәселелері қаралды: су шаруашылығын дамытуға бағытталған жобаларды іске асыру, соның ішінде «Күміскеткен» су қоймасы құрылысы, сондай-ақ жаңа жылу электр орталығы мен Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды автомобиль жолының құрылысы, мұнай-газ секторын дамыту және тағы да басқалары. Барлық көтерілген мәселелерді Мемлекет басшысы қолдады және оларды шешу үшін нақты нұсқаулар берілді», - деді аймақ басшысы.
Қорытындылай келе, облыс әкімі Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мен Сыр өңірін дамытуда белсенді жұмыс істеуге шақырды.
Жиында партияның облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі, Қызылорда қаласы әкімі аппаратының басшысы Жорабек Нұрымбетов, Қоғамдық кеңестің және Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Қазақстанның Ресей қоғамы Қызылорда филиалының төрағасы Владимир Толоконников және облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Самұрат Имандосов сөз сөйледі.
08 ақпан 2019 ж. 525 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области