Облыс әкімінің есеп беру кездесуі аясында "ITiMAQORDA" паркі жобаларының көрмесі ұйымдастырылды
Мұнда инновациялық құрылғылар: видеокадрларды редакциялауға арналған Chromakey, "Ақылды үйдің" үш өлшемді Smart Home моделі, аймақтың көне қалаларының көрсетілімін туристерге ұсынуға арналған виртуалды және шынайы үлгісін бейнелейтін көзілдірік, 3Д-принтерде орындалған дрондардың, танктердің және басқа да техникалардың үш өлшемді модельдері, сондай-ақ "Қазпошта" клиенттеріне қызмет көрсетуге көмектесетін Арман роботы ұсынылған.
"Облыс әкімінің қолдауымен Қызылордада "ITiMAQORDA" орталығы құрылды. Онда оқушылар, студенттер мен жастар осы және басқа да ақылды технологиялармен танысып, 3Д-принтермен, робототехникамен және басқа да заманауи құрылғылармен жұмыс істей алады", - деді "Ақпараттық технологиялар орталығының" директоры Сәбит Ибадуллаев.