Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 15 ақпанға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Қызметте өсуге мүмкіндік бар. Сонымен қатар өз жеке кәсібіңізді де өрге домалатасыз. Шығармашылықпен айналысатын жандар өз шығармашылықтарыңызды шыңдайсыздар.

Торпақ
Жұмысыңызға оң әсерін тигізетін жағымды жаңалық болуы мүмкін. табысы көп, болашағы зор мақсаты айқындалған жоба бойынша жұмыс жасауға ұсыныс түсуі мүмкін.

Егіздер
Бүгінгі күн сіз үшін жағымды болмақ. Ұзақ сапарға шығуыңыз мүмкін. Қызықты адамдармен жолығасыз. Күн тәртібіңізді нақтылап, жұмыстарыңызды дер кезінде бітірер болсаңыз, алға қойған мақсаттарыңызға жету оңай.

Шаян
Жұмыста табысты боласыз. Белсенділік танытып, шығармашылығыңызды шыңдайсыз. Өміріріңізді түбегейлі өзгертетін жандармен таныс боласыз. Не болмаса өміріңізге өзгеріс енгізетін жаңалық орын алады. Жаңа іс, сапарға шығу оң нәтижесін береді.

Арыстан
Бүгінгі күн сіз үшін қарбалас күн. Айналаңыздағы оқиғалар сіздің жоспарларыңызды бұзуы мүмкін. Бірақ қапаланудың қажеті жоқ. Мұның барлығы жақсылыққа бастайды. Кез келген жағдайға философиялық тұрғыдан қараңыз.

Бикеш
Жақындарыңыздың сүйіспеншілігіне ие боласыз. Серіктестеріңізбен ара-қатынасыңызды бекіте түсіңіз. Бүгін болашақ жарыңызды кезіктіресіз. Күннің екінші жартысында дүкен аралаңыз. Сауда-саттық сәтті болмақ.

Таразы
Лауазымды тұлғалармен іскерлік байланыс орнатуға, басшылыққа ұсыныспен кіруге өте қолайлы күн. Жұмыстағы белсенділігіңіз оң нәтижесін береді. Іс-әрекеттеріңізді дұрыс бағамдай білсеңіз, табысты боласыз.

Сарышаян
Кешірімді болыңыз. Мәселенің мән-жайын анықтап, оның шешілуіне ықпал жасасаңыз жетістікке жетесіз. Жұлдыздар сіздің жақта, сондықтан қайсыбір істі қолға алсаңыз да барлығы табысты болмақ.

Мерген
Достарыңыз бен туыстарыңыздың арқасында пайдаға кенелесіз. Жақындарыңыздан сыйлық күтіңіз. Жеке өміріңізде өзгерістер болуы мүмкін. Бүгінгі кешті тыныш жерде өткізіңіз.

Тауешкі
Бүгін жаңа серіктестермен кездесіп, табысты боласыз. Өзіңіздің шығармашылық әлеуетіңізді көпшілікке ділелдейтін боласыз. Беделіңіз артып, өзіңізге деген сеніміңіз арта түседі.

Суқұйғыш
Бүгіннен бастап өмірдің жаңа сатысына шығасыз. Ол жаңа жұмыс немесе жаңа таныстармен қарым-қатынас болуы мүмкін. Бүгінгі күн жаңа іс бастауға, алдағы күндерге жоспар құруға және кездесулер ұйымдастыруға қолайлы күн.

Балықтар
Мақсатыңызға жету үшін алдыңызда кездескен кедергілерді еңсере аласыз. Бірақ денсаулығыңызды күтіңіз. Денеге күш түсіретін, жүйкеге тиетін жұмыстардан аулақ болыңыз. Жалпы, бүгін ештеңеге алаңдамай демалғаныңыз дұрыс.

15 ақпан 2019 ж. 545 0

Ұқсас жаңалықтар:

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области