Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 18 ақпанға арналған жұлдыз-жорамалы.


Тоқты
Бүгін эмоцияға ерік бересіз. Көңіл-күйіңіз жиі өзгеруі мүмкін. Өз қалпыңызды жоғалтпаңыз. Шынайылықты сүйетін жандар уақытша өзгелердің пікірімен санасуына тура келеді.

Торпақ
Біраудің алдауына түсіп қаласыз немесе сізге жала жабылуы мүмкін. Орын алып жатқан жағдайлар сіз ойлағандай аяқталмайды. Жұлдыздар бұл жағдайларға араласпауға кеңес береді. Барлық жағымсыз жайттар өзінен өзі жойылатын болады.

Егіздер
Жұмыста аздаған қиындықтар туындауы мүмкін. Эмоцияңызды сыртқа шығармауға тырысыңыз. Әйтпесе, ашуыңызды пайдаланып, аяқтан шалушылар өз ойын іске асыратын болады. Керісінше, өзгелерді сабырға шақырғаныңыз дұрыс.

Шаян
Сіз ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүретіндердің қатарынан емессіз. Бұл нақыл сөз сіздің бүгінгі ұраныңызға айналады. Сондықтан сіздің өзгелерге, олардың сізге еш реніші болмайды.

Арыстан
Сіз үшін өте сәтті күн. Бүгін жолыңыз болғалы тұр. Сізді бүгін сыйлыққа кенелесіз. Ұтысқа немесе мол мұраға ие боласыз. Жалпы бүгінгі күн өте табысты болмақ.

Бикеш
Серіктесіңіздің сөзіне құлақ асудың қажеті жоқ екенін түсінесіз. Оның әзілдерінің жаны бар. Ашулансаңызда онымен ара-қатынасты үзбегеніңіз дұрыс. Сонгымен қатар дұрыс тамақтануды қолға алаңыз. Бұл сіздің денсаулығыңыз үшін өте маңызды.

Таразы
Өзіңіздің жан дүниеңізде не болып жатқанын білмейсіз. Сізде тың идеялар көп. Оларды әріптестеріңізбен бөлісіп, бір сәтте олардың жұмысына көптеген жаңа ойлар қоса аласыз.

Сарышаян
Сіз сенген басшыңыз бұл жолы қатты ашулы. Ол өз дегенін болдыру үшін сізді таптап өтуге де даяр. Мәселені байыппен түсіндіруге тырысыңыз. Кешке қарай жалғыз қалып, ойыңызды жинақтаңыз. Ешкімнің мазаламауына жол бермеңіз.

Мерген
Өте табысты күн. Жұмысқа қатысты келіссөздер жүргізуге ыңғайлы күн. Бүгін сіз кез келген адаммен тіл табысып, оларды өз дегеніңізге көндіре аласыз. Бірақ басшылықтың көзіне көп түспегеніңіз жөн.

Тауешкі
Батыл болыңыз. Жақын адамыңызға ойыңызды ашық жеткізіңіз. Әйтпесе, ол өз мәселесін ойлап жүріп, сіздің не қалайтыныңызды білмей де қалуы мүмкін. Суықтанып қалсаңыз, барлығын ысырып қойып, ем алғаныңыз жөн.

Суқұйғыш
Бүгін өте тартымдысыз. Өмірге деген құштарлығыңыз бен көпшілдігіңізге өзгелер, соның ішінде бұрынғы таныстарыңыз қызыға қарайды. Керісінше, бұрынғы байланыстыр сізді еш қызықтырмайды.

Балықтар
Балық белгісіндегілер көбінесе алдаудың қыр-сырын біледі. Өзгелер оларға алданып қалып жатқанын байқамай қалуы да мүмкін. бірақ бұл жолы абай болыңыз.
18 ақпан 2019 ж. 395 0

Ұқсас жаңалықтар:

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области