Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жұмыссыз аналарға берілетін жәрдемақы көлемі қандай?

Жұмыссыз аналарға берілетін жәрдемақы көлемі қандай?

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі аналардың бала туғаннан кейінгі алатын жәрдемақылары туралы айтты, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.

Аналардың бала туғаннан кейінгі алатын жәрдемақылары:
- бала туғанда берілетін бірреттік мемлекеттік жәрдемақы, көлемі: бірінші балаға, екінші балаға, үшінші балаға - 95 950 теңге, төртінші және одан да көп – 159 075 тенге көлемінде.
2018 жылы осындай жәрдемақы 395 мың адам алды. Соңғы 3 жылда бұл жәрдемақының көлемі 38% өсті. 2019 жылы осы жәрдемақыны төлеуге 42 млрд. теңге қарастырылды;
-ай сайын төленетін 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы; кезек ретіне орай ай сайын берілетін жәрдемақы көлемі 14 544 теңгеден 22 473 теңгені құрады.
2018 жылдың қортындысы бойынша, 30 млрд теңге көлеміндегі бұл жәрдемақыны 125 мың адам алды. Соңғы 3 жылда жәрдемақының көлемі 19% өсті.
2019 жылы бұл жәрдемақыны төлеуге 34 млрд теңге қарастырылған.
Төлемақыны тағайындау үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет, сондай-ақ, Үкіметтің электронды порталы рақылы да рәсімдеуге болады.
Онымен қоса, 2018 жылы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бала туу бойынша жаңа қызмет түрі енгізілді. Енді азаматтар жолға, ұзын-сонар кезекке уақытын кетірмей, құжаттарын жинап жүрмей-ақ жәрдемақыны 5 минуттың ішінде sms хабарлама арқылы рәсімдей алады, хабарлама ананың ұялы телефонына келіп түседі.
19 ақпан 2019 ж. 486 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области