Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Димаштың Астанадағы концерті: билет құны қанша болады

Димаштың Астанадағы концерті: билет құны қанша болады

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы осы жазда Астанада өтетін Димаш Құдайбергеннің концертіне билеттер құны қанша теңге болатынын айтты, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Басты мақсат - билеттен түсетін қаржы емес. Әрине, шетелде өтетін концерттерде біз ең бірінші осыған мән береміз. Ал Қазақстанда басты міндет - көпшілікке қолжетімді болуы. Билет бағасы 500 теңгеден басталады деп ойлаймын», - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы ведомство алқасының кеңейтілген отырысында.
Одан бөлек, концертте мектеп оқушылары мен әлеуметтік аз қамтылған халық санатына арнайы орындар қарастырылатын болады.
«Біз бірінші концерттің өзінде көп орынды балалар үйінің тәрбиеленушілеріне бөлген болатынбыз. Бұл жерде мақсат пайда табу емес, адамдарға оның өнерінен ләззат алуға мүмкіндік беру», - деді ол.

20 ақпан 2019 ж. 463 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области