Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Бас ұстаған Қайрат Нұртас жұртқа жақпай қалды (видео)

Бас ұстаған Қайрат Нұртас жұртқа жақпай қалды (видео)

Әлеуметтік желіде әнші Қайрат Нұртастың дастарханда бас ұстаған видеосы тарады. Көпшілік қазақ ырымында әкесі тірі адам бас ұстамайтынын айтып, әншінің әрекетін бейәдепке балауда, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Видеодан Қайрат Нұртастың қойдың басын ұстап, көзін ойып алмақ болғаны байқалады.
Қажылық сапардан келген эстрада жұлдызының бұл әрекетін интернет қолданушылар сынның астына алды.
"Әкесі тірі адам бас ұстамайды", "Қазақта әкесі өмірден өтпесе, басты басқалары ұстамаған", "Өзі рұқсат берсе де болмайды", "Мүмкін әкесі жеп, содан кейін миын ашуға рұқсат берген шығар, бастың?", "Әке көрген адам басты ұстамайды. Бірақ оны қазіргілер білмейтін сияқты" деп жазды көпшілік.



22 ақпан 2019 ж. 1 031 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области