Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Әлихан Смайылов бірінші вице-премьер - қаржы министрі қызметіне мақұлданды

Әлихан Смайылов бірінші вице-премьер - қаржы министрі қызметіне мақұлданды

Әлихан Смайылов премьер-министрдің бірінші орынбасары - қаржы министрі қызметіне мақұлданды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz Парламенттің сайтына сілтеме жасап.

Кандидатураны Қазақстанның премьер-министрінің тапсырмасымен премьер-министрдің кеңсе басшысы Нұрлан Алдабергенов таныстырды.
Нұрлан Алдабергенов Әлихан Смайыловтың қаржы саласында тәжірибесі мол екенін және барлық басқарушылық құзыретке ие екенін айтып өтті.
"Мәжіліс комитетінің мүшелері Смайыловқа бірнеше сұрақ қойып, осындай шешім қабылдады. Қабылданған құжатта Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1 бабына сәйкес, премьер-министр ұсынған Смайлов Әлихан Асханұлының кандидатурасын бірінші вице-министр - қаржы министрі қызметіне мақұлдауға болатыны айтылады", - делінген хабарламада.
Депутаттар кандидатқа алдағы қызметіне сәттілік тіледі.
Айта кетейік, Әлихан Смайылов 2015 жылдан бері Мемлекет басшысының көмекшісі қызметін атқарған болатын. Оған дейін 2009-2014 жылдар аралығында Қазақстанның Статистика агенттігінің төрағасы болды. Осы күнге дейін екі рет қаржы министрінің орынбасары болып тағайындалды. Ал үкімет отставкаға кеткенге дейін қаржы министрі болған еді.
25 ақпан 2019 ж. 622 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области