Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Көпбалалы отбасылардағы әр балаға 21 мың теңгеден төленеді

Көпбалалы отбасылардағы әр балаға 21 мың теңгеден төленеді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде көпбалалы отбасыларды қолдау шараларын күшейту керектігін айтты, - деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

«Бүгінде елімізде 340 мыңға жуық отбасында 4 баладан артық бала бар. Жыл сайын көпбалалы отбасыларға 500 млрд теңгеден артық бөлінеді. Бұл отбасылардың кірісі әртүрлі деңгейде. Оларға көмек көрсетуде табыс деңгейіне қарау керек. Көп кіріс кіретін отбасылар мен айлығы төмен отбасыларға мемлекет бірдей көмек көрсетпей, сондықтан, ең алдымен, мемлекет табысы төмен көпбалалы отбасыларға мән беру керек», - деді Елбасы.
Сонымен қатар, көпбалалы отбасылардың ай сайынғы төлемақысы әр балаға 21 мың теңгеден төленбек.
«Толық емес, көпбалалы отбасыларға үйде жұмыс істеу жағдайларын жасау керек. Қазіргі уақытта мекенжайлық-әлеуметтік көмекті 111 мың отбасы алып отыр. Көпбалалы отбасылардағы әр балаға 21 мың теңге төлемақы бекітілсін», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
27 ақпан 2019 ж. 627 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области