Жануарлар қанша жасайды?
Ғалымдардың зерттеуінше, жылқы 30 жылдай өмір сүреді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.
Жылқының күтімі жақсы болса, одан көп жасауы мүмкін.. Деректер бойынша ең кәрі сиырдың жасы 39 жыл екен.
Алып жануарлардың ішіндегі ұзақ жасайтыны – Африка пілдері. Олар 70 жыл өмір сүрсе, бегомот пен мүйізтұмсық 50 жыл жасайды. Маймылдар –40-50 жыл, хайуанаттар паркінде күтілетін крокодил 100 жыл, тотықұс 120 жылға дейін.
Балықтардың ішіндегі ең ұзақ жасайтыны еуропалық жылан балық 90 жыл, бекіре 60 жыл, шортан 50 жыл.
Құстардан сұңқар 160 жыл, бүркіт 120 жыл, қарға 100 жыл, қаз 80 жыл, үкі 68 жыл, шағала 45 жыл, бұлбұл 20 жыл, тауық 10 жыл өмір сүреді. Құстардан ең ұзақ жасайтыны аққу екен. Ол 350 жыл тіршілік етеді. Ұсақ құстар 10 жылдан артыққа бармайды.
Жыртқыш аңдардан арыстан 30 жыл өмір сүрсе, қасқыр 20 жыл жасайды.
Жәндіктерден құмырсқа 12 жыл тіршілік етеді екен.