Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 2 наурызға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты

Бүгін бірнеше қызықты ұсыныстар аласыз. Қайсы ұсынысты қабыл алу қажет екенін ақылға салып көріңіз. Жақын таныс емес жандарға сенім артудың қажеті жоқ. Достарыңызға немесе алыс туыстарыңызға қатысты жағымды жаңалық сізді қуантады. Отбасылық мерекелер жоғары дәрежеде өтеді.

Торпақ
Өзіңіз маңызды деп тапқан жұмыста жетістікке жетуге мол мүмкіндік бар. Ол үшін сол жұмысқа ден қою қажет. Өзге істерге бас ауыртпаңыз. Қасыңызға көмекшілерді тарта біліңіз. Жаңадан серіктестер табу болашағыңызды жарқын етпек. Бүгін қалтаңыз қалыңдайды.

Егіздер
Сіз үшін қымбат жанмен сырласу немесе жай әңгімелесу кезінде абай болыңыз. Кейбір жайттарды ашық айтамын деп, ол адаммен қарым-қатынасыңызды үзіп алмаңыз. Алдымен өз ойыңызды ашып айту керек пе, әбден ойланып алыңыз. Кешкі уақыт достармен кездесуге және романтикалық кеш ұйымдастыруға қолайлы болмақ.

Шаян
Жұмыстағы серіктестермен кикілжіңдерді, өзекті мәселені шеше аласыз. Сонымен қатар маңызды жобаға қатысты жұмысты тиянақты бітіресіз. Түске дейінгі уақытта белсенділік танытыңыз, өйткені бұл уақытта біраз оң нәтижелерге қол жеткізуге болады. Тек өз күш-жігеріңізге сеніңіз. Шын ниетімен көмектескісі келетін жандардың өзі сізді сәтсіздікке ұшыратуы мүмкін. Кешке қарай демалыңыз.

Арыстан
Қиын шаруаның өзін оңай еңсеріп, берілген тапсырманы тез орындайсыз. Бірақ бұл күн сіз ойлағандай оңай болмайды. Шешілмеген мәселе көбейе береді. Оларды шешу үшін жан-жақты болуыңыз қажет. Бір сөзбен айтқанда, оларды шешу үшін өзіңіз ғана жүгіресіз. Қиындықтарды шешу сіз үшін қиын емес, бұрынғы тәжірибелеріңізге сүйене отырып, барлығын біржақты етесіз.

Бикеш
Өз-өзіңізбен іс бастауға керемет күн. Сенімді көмекшілеріңіздің өзі жұмысыңызды қиындатып, ақылға қонымсыз ойларын айтуы мүмкін. Одан да өз идеяларыңызды тезірек жүзеге асырыңыз. Күтпеген жерден қаржы түсіп, оны болашағы зор жобаларға саласыз.

Таразы
Нақты шешім қабылдай біліңіз. Осылайша айналаңыздағы адамдарға өзіңіздің мықты екендігіңізді дәлелдеңіз. Бүгін жаңа таныстықтар орын алуы мүмкін. Қиын жағдайларда ашуға берілмеңіз. Сабыр сақтау қателіктерге жол бермейді.

Сарышаян
Күніңіз жабырқаулы өтеді. Ең бастысы ешқандай мәселе туындамайды. Бұрын бастаған жұмыстарыңызды алаңсыз бітіре беруіңізге болады. Бұл күні сіз өзгелердің мәселесін шешуге көмектесіп, оларға жөн сілтейсіз. Сондай-ақ бұл күні жаңа дос табасыз.

Мерген
Тапқырлығыңыз бен ақыл-парасатыңыз өз ұстанымдарыңызда қалуға көмектеседі. Кейде өзіңізге тым сенімді боласыз. «Сақтықта қорлық жоқ» дегенді естен шығармағаныңыз абзал. Кешке қарай жағымды жаңалық естіп, өзіңзді жақсы сезінесіз. Бұл жаңалық өзіңізге тікелей қатысты болмаса да, сіз өзгелер үшін қуана білесіз.

Тауешкі
Белсенділігіңіз жұмысыңызға оң әсерін береді. Соның арқасында үлкен жетістікке жетесіз. Бүгін қиын тапсырмаларды ешкімнің көмегінсіз атқара аласыз. Егер шығармашылық бағыттағы жан болсаңыз сізге еркіндік қажет. Жеке өміріңізде мәселелер аз емес. Мәселен ғашық жандардың арасында кикілжің орын алуы мүмкін.

Суқұйғыш
Іскерлік қарым-қатынаста кімнің дос, кімнің дұшпан екенін анықтап алыңыз. Көңіліңізге жақпаған адаммен ара-қатынасыңызды үзіңіз. Оларды тезірек анықтап алғаныңыз өзіңізге жақсы. Жеке өміріңізде қатал болмаңыз. Кешірімшіл болыңыз. Өзіңізге қымбат жандарды қуанта біліңіз, бұл ісіңіз өзіңіздің де көңіл-күйіңізді көтереді.

Балықтар
Бұрын жіберген қателіктерді түзету үшін біраз уақыт жоғалтасыз. Сонымен қатар өзге біреудің бастаған ісін аяқтау сізге жүктеледі. Тек түстен кейін ғана өз жоспарларыңызға уақыт табасыз. Ал кешке қарай серуенге шығыңыз немесе үйге қонақ шақырыңыз. Бұл екі жағдайда да көңіл-күйіңіз көтеріледі.
02 наурыз 2019 ж. 519 0

Ұқсас жаңалықтар:

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области