Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Есірткі заттарын жарнамалаған сайт бұғатталды

Есірткі заттарын жарнамалаған сайт бұғатталды

Облыстық прокуратурада есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы күрес мәселелері бойынша құқық қорғау, арнайы органдардың және денсаулық сақтау мекемелерінің өкілдерінен құралған ведомствоаралық жұмыс тобының нәтижесі талқыланды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz облыс прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қадағалау органының үйлестіруімен жұмыс тобы жастардың көп шоғырланатын жерлеріне рейдтер, оқушылар мен студеттер арасында түсіндірме жұмыстарын және ғаламтор кеңістігі мен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізді.
Осы жұмыстың нәтижесінде Қазақстан аумағында есірткі заттарының көптеген түрін («Sativa «Y», «Moroccan Caramello», «Afghan», «Blackberry Kush», «Jack Herer», «Green Crack», «Diamond OG», «AK-47» и «Sour Bubble») жарнамалап, оларды таратқан «Cannabis-kz.ml» сайты анықталды.
Бұл сайтта есірткі заттарын «Kiwi-кошелек» шотын толтыру арқылы сатып алуға болатын. Сонымен қатар, сайтта 950 мың теңге аралығындағы жалақысымен дилер және салушы жұмысы ұсынылған.
Облыстық прокуратураның ұсынуы бойынша Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен аталған сайт бұғатталды.
01 наурыз 2019 ж. 430 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области