Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Гүлзира Айдарбекова: «Өзеннің жағасында қармақпен ақша аулап отырғанымыз жоқ, бәрі еңбекпен келеді» (видео)

Гүлзира Айдарбекова: «Өзеннің жағасында қармақпен ақша аулап отырғанымыз жоқ, бәрі еңбекпен келеді» (видео)

Қайрат Нұртастың 30 жасын дүркіретіп атап өткеннен кейінгі ел ішінде түрлі қауесет тарап кетті. Бұған дейін әншінің анасы Қайраттың табысын есептеп, сынағандарға жауап берген болатын. Ол әлеуметтік желідегі келесі жазбасын «тұрмысы төмен азаматтарға көмектеспейсіз» деп сынаған азаматтарға арнады. Гүлзира Айдарбекова инстаграм парақшасына аз қамтылған отбасыларына көмек беріп, олардың әншіге айтқан алғыстары түсірілген видео жүктеді. Бұл қадамға өздерін мақтаншақ, өзгеге қайыры жоқ адам қылып көрсеткен кей азаматтар үшін барғанын айтты, - деп жазады Kyzylorda-news.kz.

«Негізі "Оң қолыңның бергенін, сол қолың білмесін" берсең Алла разылығы үшін бер, өзің үшін деген сөз бар. Сол себепті қаншама жағдайы өте төмен отбасына бергенімізді жарияламайтын едім. Бірақ неге көмектеспейсіздер, неге ішіп-жейсіздер деп қаралай бергендеріңіз үшін 1-2 видеоны салуға мәжбүр болып отырмын. Тек жабылып жанымызды жегідей жей бермесеңіздер екен. Өткен жолы киімдерімді 50-70% бен сатып та көмегімді беретінімді айтып өткенмін. Біздің қалтамызды санағанды қойсаңыздар екен. Осы кісілердің разылығының арқасында төмендеп кетпей 13 жыл бойына абыройымыз көтеріліп түспей жүргені шығар».
Сонымен қатар, әншінің анасы ұлының табысын бүкіл елге жеткізу мүмкін еместігін айтты.
«Бірақ бүкіл елге бір Қайраттың табысын жеткізу мүмкін емес, маған неге көмек жасамадың деушілер ойланса екен. Өзеннің жағасында қармақпен ақша аулап отырғанымыз жоқ, бәрі еңбекпен келеді. Инемен құдық қазғандай жетістікке жетіп жиған абыройымызды, Алланың берген бағын қызғанбасаңыздар екен. Айтсам «айтып қойдың жақсылығыңды» дейсіздер, айтпасам «неге мұқтаж жандарды көрмейсіздер» деп қарғайсыздар. Бұл видеоға да қаншама ауыр пікір жазуларыңыз мүмкін».
«Титымдай кезінен тіптен болмағанда қаншама адамға айлық төлеп, бала-шағасын, ата-ана, бауырларын бағуға себепкер болып жүрген баламның қарапайым әрі шексіз мейіріміне Аллаға сансыз шүкіршілік айтамын. Бәрі ана сыйлаудан басталады, сол мейірімді мен ұлымнан көріп отырғанымды қызғанудың орнына, балаларыңыз үлгі алсын деп ниеттенсеңіздер екен. Жақсылығын көрсетсем «мақтаншақ» деп қаралағанша, үміт артқан ұл-қыздарымызға жолын берсін деп тілесеңіздер екен».
Гүлзира Айдарбекованың айтуынша, тек Қайрат қана емес басқа ұлдары да табысының бір бөлігін қайырымдылыққа жұмсайды екен.
«Тіптен ауруxаналарға барып, жақсылығын аямай жатқанын көрсеңіздер де көрмеген болмасаңыздар екен. Қайратым табысына қарай миллиондап бөліп берсе, Аяным табысына қарай 150-300 мыңдап бөліп береді. Тәрбие солай.Соңғы кезде xалықты кері пікірге итермелеп азғырушылар көбейіп жалған посттар шығаруда. Кеше ғана "Қайрат бір киген іш киімін қайта кимейді" деп анасы айтты деп тағы жалған пост жазып подписчик жинап, рейтинг көтеру мақсатымен жазылған әңгімені тағы қолдай жөнелдіңіздер. Ит пен мысық болып ырылдасу үшін өмір сүрмейікші инста достар»!, - деп аяқтады желідегі сөзін продюсер.




04 наурыз 2019 ж. 668 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области