Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 5 наурызда ел аумағының басым бөлігінде жел күшейіп, бұрқасын болады

5 наурызда ел аумағының басым бөлігінде жел күшейіп, бұрқасын болады

Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, солтүстік өңірлердің кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі ықтимал, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарында желдің 15-20, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с күшеюі, кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің күші 18-23 м/с болады.
Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетуі мүмкін, түнде Жамбыл облысында желдің екпіні 23 м /с болады.
Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ, күндіз жаяу бұрқасын, желдің 15-20 м/с күшеюі ықтимал.
Қарағанды облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады, тұман, көктайғақ, жел тұрып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз көктайғақ болады, желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі.

05 наурыз 2019 ж. 364 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области