Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Медицина саласындағы қандай мамандардың жалақысы өседі

Медицина саласындағы қандай мамандардың жалақысы өседі

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов медициналық қызметкерлер арасында қай саланың мамандары үшін жалақының өсетінін айтты, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Президенттің тапсырмаларын орындау үшін біздің жұмыс үш бағыт бойынша жоспарланған. Біріншіден, денсаулық сақтау саласында төмен жалақы алатын медициналық қызметкерлердің еңбекақысын көтеруге негізделген. Осы тапсырма бойынша біз бүкіл медбикелер және кіші медициналық персоналдың, яғни санитарлар мен зертханашылардың жалақысын 1 шілдеден 30 пайызға көтереміз. Сонымен қатар, жоғары сұранысқа ие мамандардың, нақтырақ айтқанда, учаскелік дәрігер, педиатрлар, перзентханаларда жұмыс істейтін акушер-геникологтар, жедел жәрдем дәрігерлерінің жалақысын көтеруді жоспарлап отырмыз», - деді министр Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.
Оның сөзіне қарағанда, жалпы 1 шілдеден бастап 225 мың медицина қызметкеріне қатысты еңбекақы көтеріледі.
Осыған орай, республикалық бюджеттен 2019 жылы қосымша - 37,6 млрд теңге, 2020 және 2021 жылдары 78,7 млрд теңге бөлінеді.

05 наурыз 2019 ж. 552 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области