Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Домбыраға арналған ескерткішке байқау жарияланды

Домбыраға арналған ескерткішке байқау жарияланды

Аталған бағдарламалық құжаттарды жүзеге асыру және ұлттық мәдениет пен рухани беделімізді нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы қазақ халқының музыкалық мәдениетінің басты символы әрі ұлы аспабы домбыраға арналған ескерткіш композициясына байқау жариялайды. Байқауға Қазақстан Республикасының суретшілері мен мүсіншілер шақырылады, - деп жазады Мәдениет порталы.
Конкурсқа қатысушылардың еңбектері әлеуметтік желілерде (Facebook) жарияланады және дауыс беріледі.
Бізден қойылатын талаптар: ескерткіш 20 метр биіктікке сәйкес келуі, дыбыстық эффектілерді беруі және метал құрылғыдан жасалуы шарт.
Ең үздік жұмыс ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының алдында орнатылады.
Байқау 24 наурыз күнінен басталады.
Айта кетейік, Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалалар аясында, 2018 жылы Елбасымыздың шешімімен шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып жарияланған болатын.

08 наурыз 2019 ж. 399 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области