Қызылордада есірткіні заңсыз сақтаған 49 жастағы азамат ұсталды
Қызылордада ірі мөлшерде есірткі затын сақтаған 49 жастағы қала тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.
Облыстық Полиция департаментінің есірткі кылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері заң бұзушыны жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында анықтап, қолға түсірген.
Жедел шара барысында ұсталған азаматтан 1 скотчпен және 2 газет қиындысына оралған жалпы салмағы 1 келі 402,46 грамм «гашиш» есірткі заты тәркіленді.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат өзінің кінәсін толығымен мойындап, қазіргі таңда уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.