Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада нан бағасы 5 теңгеге қымбаттады

Қызылордада нан бағасы 5 теңгеге қымбаттады

Елде нан бағасы қымбаттады. Бірқатар өңірде ас атасы бірден 10 теңгеге өсті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz astanatv.kz арнасына сілтеме жасап.

Павлодарда бір бөлке 1 ай бұрын 80 теңгені құраса, қазір 90 теңгеден сатылып жатыр. Бұдан бөлек Орал, Шымкент және Қостанайда баға 10 теңгеге қымбаттады. Ал Атырау, Қарағанды, Қызылордада 5 теңгеге көтерілді. Наубайшылар нан бағасының өсуін ұнның қымбаттауымен байланыстырады.
«Нанның құны алдымен ұн бағасы өскен соң қымбаттады. Тіпті, 2 есеге дейін көтерілді. Бірінші сұрыпты ұн 100 теңгеге, жоғары сұрыпты ұн 115 теңгеге дейін қымбаттады. Сондай-ақ, қанттың және басқа да қажетті азық-түліктің бағасы өсті. Біз шығынға жұмыс істеп келдік. Сондықтан нанның құны орташа 5-10% қымбаттады. 70 теңге тұратын әлеуметтік нанды шығынға кетсек те, шығарып жатырмыз», - дейді «Желаевский хлеб» нан өнімдерін шығаратын кәсіпорын маманы Владимир Чесноков.
Аймақтағы атқамінерлер ұнға бөлінетін субсидияға сеніп қалғандарын айтады. Нан бағасын сол арқылы тұрақтандырмақ болған.
«Ауылшаруашылығы министрлігі әлеуметтік ұнға субсидия бөлеміз деген. Бірақ, қазір ешқандай субсидия беріліп жатқан жоқ. Сондықтан, бағаны қымбаттатуға рұқсат бердік», - дейді Атырау қаласы әкімдігі кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Руслан Дәулетов.
Ал ауылшаруашылығы министрлігі ұнға субсидия бөлу жобасын әзірлеп жатқанын мәлімдеді. Әзірге елдегі астық бағасын әлемдік нарық белгілейді. Қазір бидайдың тоннасы 68 мың теңгеден сатылып жатыр. Ол былтырдан бері 10 мың теңгеге қымбаттаған.
«Алдағы уақытта нан бағасы күрт қымбаттамайды. Бірақ, бірнеше пайызға өсуі мүмкін. Өйткені, бидай азық-түлік тауарына жатады. Қазір баға бірден көтеріліп кетеді деп айта алмаймыз», - дейді ҚР АШМ қайта өңдеу және ауыл шаруашылығы өнім нарықтары департаментінің сарапшысы Мейірман Жұмағұлов.

13 наурыз 2019 ж. 769 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области