"Жоғарғы сотқа береміз": Денис Теннің қорғаушылары мәлімдеме жасады
Бүгін Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты өткен апелляциялық сот отырысы сотталушыларға шығарылған үкімді өзгеріссіз қалдырды. Судья жәбірленуші тараптың түсірген шағымын қанағаттандырусыз қалдырған. Осыған орай, қаза тапқан спортшы жағы алдағы уақытта қандай амал қолданбақ? Бұл туралы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап Kyzylorda-news.kz хабарлайды.
Жәбірленуші тарап істі енді кассациялық инстанция мен Жоғарғы сотқа тапсырып көрмек. Бұл туралы қорғаушы Нұрлан Сиқымов мәлімдеді.
"Біз бұл сұрақты Оксана Тенмен талқыладық. Алматы қалалық соты мұндай шешім қабылдарын күткенбіз. Енді кассациялық инстанция мен Жоғарғы сотқа жүгініп, өзіміз келтірген талаптардың орындалуын талап ететін боламыз" , - деді Сиқымов.