Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Білім гранттарын тағайындау жүйесінде өзгеріс болады - БҒМ

Білім гранттарын тағайындау жүйесінде өзгеріс болады - БҒМ

Биыл магистратуға бөлінетін білім гранттарына қатысты бірқатар өзгерістер болады, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Талғат Ешенқұловтың айтуынша, бүгінде білім гранттарын тікелей жоғары оқу орындарына таратуға басымдық берілмейді. ҰБТ-да жоғары ұпай алған мектеп түлегі қай оқу орнын таңдаса, сол жерге грант беріледі. Осылайша, жан басына қарай қаржыландыру жүйесі біртіндеп енгізіліп келеді.
«Өткен жылы аталған бастама магистратуда 21 мамандық бойынша сынақтан өткізілген болатын. Биыл заң нормалары бойынша магистратура бөлімі грант тағайындаудың жаңа моделіне толығымен көшеді. Осының арқасында магистратураға түскен адам грантты алады да, жоғары оқу орнын өзі таңдайды. Соған қарай мемлекеттік тапсырыс та жасалады, жоғары оқы орындары грантқа түскен магистранттардың таңдауына қарай қаржыландырылады», - деді Т.Ешенқұлов ҚР Парламент Мәжілісінде өткен дөңгелек үстелде.
Вице-министрдің сөзіне қарағанда, гранттарды тағайындаудың жаңа жүйесі тек докторантураға ғана қатысы жоқ. Ол жерде бұрынғыдай мемлекеттік тапсырыс тікелей жоғары оқу орындарына беріледі.
«Жалпы, соңғы үш жылдың ішінде мемлекеттік тапсырыс 1,7 есеге өсті», - деп атап көрсетті Т.Ешенқұлов.


14 наурыз 2019 ж. 415 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области