Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жұма күні елімізде ауа райы құбылмалы болады

Жұма күні елімізде ауа райы құбылмалы болады

Жұма күні Қазақстанның көптеген аймақтарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі, солтүстікте жаяу бұрқасынды жел, оңтүстікте шаңды дауыл болады.
Солтүстік Қазақстан облысында жел қарқыны 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с дейін күшейіп, күндіз кей уақыттарда 30 м/с және одан асуы мүмкін. Кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ болады.
Түнде Ақмола облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20, кей жерлерінде 23-28 м/с, күндіз 15-20, 30 м/с дейін үдейді. Кей аймақтарда тұман, бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
Қостанай облысында жел 15-20, екпіні 25 м/с дейін күшейеді, кей жерлерде тұман бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Күндіз Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болып, жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, таңертең және күндіз жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшеюі ықтимал.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін үдеп, шанды дауыл болады.
Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей аймақтарына тұман түседі. Түнде Ақтөбе облысында көктайғақ болады.

15 наурыз 2019 ж. 449 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области