Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 16 наурызға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Бүгін жағымсыз әдеттерден арылуға тырысыңыз. Шындықты мойындап, әрекеттеріңіздегі қателіктерді ескеріңіз. Қаржы мәселелері мұқияттылықты талап етуі мүмкін. Күтпеген шығындар шығып, жоспарлап қойған бюджетіңізден қаржы алуға тура келеді.

Торпақ
Бүгін материалды жағдайға көңіл бөлу керек. Қаржылық жағдайыңызды дұрыстаудың жолын табуыңыз мүмкін. Сондай-ақ сенген адам сеніміңізді ақтамайды. Кез келген жағдайда салқынқандылық танытуды үйреніңіз.
Егіздер
Бүгін барлық істі бірден аяқтауға тырыспаңыз. Жұмысыңызға, кәсібіңізге және қаржы мәселелеріне ерекше көңіл бөліңіз. Жеке өміріңіз бен жұмысты араластырмаңыз. Кешке күш-қуатыңызды арттыру жолдарын қарастырыңыз.

Шаян
Бұл күн өміріңізге бақыт пен ляззат сыйлайды. Жақындарыңыз бен достарыңызға сыйлық алатын уақыт табыңыз. Сондай-ақ мереке күнге алдын ала жоспарлар құрған жөн. Жалғыз болсаңыз, сүйіктіңізді табу ықтималдығы жоғары.
Арыстан
Ең батыл идеяларыңызды бағалайтындар бар. Күнделікті мәселелерді шешуде айтарлықтай өзгерістер болмайды. Бұл күнді байыпты өткізуге тырысыңыз. Бұрынғы жеңістеріңізді талдап, отбасы мүшелеріне көңіл бөліңіз.

Бикеш
Бүгін достарыңыз бен отбасыңыздың ара-жігін ажыратып алған абзал. Көптен бері көңілін сұрай алмай жүрген адамыңыз болса, бүгінгі күн қолайы уақыт. Кездесуден жағымды әсерлер аласыз. Суық тигізбеуге тырысыңыз және артық тамақ ішпеңіз.

Таразы
Ерекше оқиғалар, кездейсоқ кездесулер мен елеулі жаңалықтар сізді үйреншікті өмір салтыңызды өзгертуі мүмкін. Жұмысыңызда қол жеткізген жеңісіңіз сізге үлкен қуаныш сыйлауы мүмкін. Бұл күн отбасылық кездесулер үшін арналмаған. Сіздің жеңістеріңізге қызғанышпен қарайтындар бар.

Сарышаян
Сараң адамдармен сөйлеспеңіз және олардың кеңестеріне мән бермеңіз. Өзіңізді ақпараттық әсерлерден қорғаңыз. Таза ауада серуендесеңіз, ағзаңызды қалпына келтіре аласыз.

Мерген
Бүгін уайымдайтын ештеңе жоқ. Қаржы немесе жұмысқа қатысты мәселелер шешімін таппайды. Жаңа таныстықтардан және туыстарыңыздың көмегінен бас тартпаңыз.

Тауешкі
Жаңа адамдармен таныспас бұрын жақсылап ойланыңыз. Бүгін іскерлік қарым-қатынас орнатып, біреуге қырындаудың қажеті жоқ. Алға қойған мақсатыңыздан тайынбай, қаржы және мансап мәселесімен айналысыңыз.
Суқұйғыш
Бүгінгі күннің қалай аяқталғанын байқамай қаласыз. Қызықты кездесулер мен сапарлар болуы мүмкін. Алайда жылжымайтын мүлікті айырбастамаңыз. Сондай-ақ интернет арқылы сауда жасамаған абзал. Денсаулығыңыз сыр бере бастаса, біраз тынығыңыз.

Балықтар
Мақтануға себеп көп. Бұрын бастаған жобаңыз өз жемісін бере бастауы мүмкін. Кешке кішігірім отырыс ұйымдастырсаңыз дұрыс болады. Туыстарыңызға көңіл бөліңіз. Жетістіктеріңіздің қасында олар өздерін қажетсіз сезінуі мүмкін.
16 наурыз 2019 ж. 460 0

Ұқсас жаңалықтар:

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области