Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Биыл еліміздегі барлық жайылымдар цифрландырылады

Биыл еліміздегі барлық жайылымдар цифрландырылады

Биыл еліміздегі барлық жайылымдар цифрландырылады. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының ресми сауалына жауап берген ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінгі күні аудан ауқымында әрбір фермерлік шаруашылық инвестициялық жоба саналады. Бірақ соған қарамастан фермерлік шаруашылықтарға инвестициялық жоба принципі бойынша конкурс өткізбестен ауыл шаруашылығы жерін бөлу тетігі жоқ. Бұл проблеманы шешу үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі Қаржы министрлігінің «Ақпараттық есептеу орталығы» АҚ-ымен бірге жайылымдардың электронды мәліметтер базасын құру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Жайылымдарды цифрландыру жұмысын 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында аяқтау жоспарланған», - деді Үкімет басшысы жауабында.
Оның айтуынша, жайылымдар цифрландырылғаннан кейін оларды ауыл шаруашылы малдарын сәйкестендіру мәліметтер базасымен интеграциялау жүргізіледі. Бұл жердің тиімді пайдаланылуына қашықтан мониторинг жүргізуге мүмкіндік жасайды.
Айта кетейік, осы жылдың 14 қаңтарында Мәжілістің бір топ депутаты сол кездегі Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың атына сауал жолдап, ауыл шаруашылығын дамыту, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту мәселесін көтерген еді.
15 наурыз 2019 ж. 444 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области