Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Тәуелсіз кезеңнің Тұңғышы!

Тәуелсіз кезеңнің Тұңғышы!

Әрбіріміздің есімізде, ел тәуелсіздігінің алғашқы елең-алаң кезеңінде, Елбасының сындарлы бастамасымен дамудың даңғыл жолына түскен сәтте алдымызға төрт бірдей қасиетті де қастерлі міндетті қойдық.

Ол ең алдымен, Тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қалау, екінші, нарықтық экономиканы қалыптастыру, үшінші, әлеуметтік бағдарланған қоғам қалыптастыру, төртінші, қоғамдық ойды қайта құру. Міне, осылайша біз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауларында, ел тәуелсіздігі кезеңінде қабылданған барлық мемлекеттік бағдарламалар мен стратегиялық бағыттарымызда осы төрт қасиетті міндеттен ешқашан айныған емеспіз.
Қазақстан өзін Тәуелсіз ел ретінде әлем қауымдастығына танытты. Кеңес Одағынан «мұраға» қалған және бірнеше мың есе инфляцияға ұшыраған жоспарлы экономиканың зардаптарын жеңе отырып, посткеңестік елдердің арасында сауатты нарықтық экономика қалыптастырды. Халықтың өмір сүру сапасы мен әл-аухаты артты. Оған Нұрсұлтан Әбішұлының: «Тәуелсіздік жылдарындағы жетістікті бір ғана Қызылорда облысынан көруге болады», – деген сөзін мысалға келтірер едік. Өйткені, Кеңестік кезеңде Сыр бойының кенжелеп қалған тұстары жетерлік еді.
Бүгінде жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан демократиялық құндылықтарды ардақ тұтатын ел ретінде де өзін анық айқындады. Өз мемлекетінің келешегінің кемелдігіне, болашағының баяндылығына берік сенетін Тәуелсіз елдің жаңа жас ұрпағы қалыптасты.
Бұл бір сөзбен айтқанда, мемлекет тәуелсіздігін қалыптастырушы Тұңғыш Президенттің ұлы тарихи рөлі.

Самұрат ИМАНДОСОВ,
Қызылорда облыстық қоғамдық кеңес төрағасы
20 наурыз 2019 ж. 395 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области