Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облыстық сотында Наурыз мерекесіне орай салтанатты шара өтті

Қызылорда облыстық сотында Наурыз мерекесіне орай салтанатты шара өтті

Қызылорда облыстық сотында Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесіне арналған салтанатты шара өтті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық сот төрағасы Қамбар Нұрышев сот ұжымын мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.
Салтанатты жиын барысында ҚР Тұңғыш Президентінің Жолдауы және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалалары, Жастар жылы туралы сөз қозғалды. Сонымен бірге Наурыз мейрамының тарихы мен маңыздылығы айтылды.
Мерекелік бағдарламада Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының арнайы дайындаған үлкенді құрметтеудің әдебі ретінде сот қызметкерлерінің сәлем салу үрдісінің сахналық қойылымы көрсетілді. Шырқалған әсем әндер көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Шара соңында қатысушылар түрлі тағамдар қойылған мерекелік дастарханға шақырылып, наурыз көжеден дәм татты.


20 наурыз 2019 ж. 415 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области