Төреғали Төреәлі ұшақта заң бұзды
Төреғали Төреәлі тағы да ұшақта заң бұзды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі. Әнші ұшақта дау шығаруының себебі борт ішіне қымыз сусынын алып кірген. Ал қымызды әуе кемесіне алып кіруге тыйым салынады.
Қазақ эстрадасының жұлдызы бұл заңсыз әрекеті туралы өзінің Instagram парақшасында жазады. Ол ұшақ бортына қымызды тығып алып кіргенін айтып, мойындаған.
«Қысқасы, қолымдағы жасыл пакеттің ішінде ақ пакет, ақ пакеттің ішінде көк пакет көк пакеттің ішінде қымыз бар. Өскемендік өскелең жұрт сый қып бергесін, тастап кете алмадым. Негізі өткізбейтін еді, ешкімге айтып қоймаңыздар. Өзі айтып қойды ғой десе де, мойындамаңыздар! Қымыз аспанда атылған жоқ уайымдамаңыздар», деп жазады әнші өз парақшасында.
Әдеттегідей, оқырмандардың пікірі екіге бөлінді. Бірі оның заң бұзғанын сынға алса, басқа оқырмандар оның қылығына күліп алды.