Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Салықтық рақымшылық не үшін жасалады?

Салықтық рақымшылық не үшін жасалады?

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Серік Мұстафаев баспасөз конференциясын өткізді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Жалпы, шағын және орта кәсіпкерлік өкілдерінің қордаланған қарызының елеулі бөлігін өсімақы және айыппұлдар құрайды. Негізгі салықтан қарызын өтеуден соң кәсіпкердің кәсібін жалғастыруға, жаңа кәсіп түріне ауысуға, жаңа идеялары мен бастамаларын жүзеге асыруға мүмкіндігі пайда болады.
"2018 жылдың 1 қазанына салықтан қарызы бар шағын және орта бизнес өкілдеріне рақымшылық жасау үшін ешқайда барудың қажеті жоқ, мемлекеттік кірістер органдары күн сайын дербес шоттардың жай-күйіне мониторинг жүргізіп, негізгі қарызды төлеу кезінде үш жұмыс күнінен кешіктірмей есептен шығару туралы тиісті шешім шығарады", - деді С.Мұстафаев.
Қызылорда облысында рақымшылықты пайдалануға мүмкіндігі бар тұлғалар саны – 1851, олардың 2018 жылдың 1 қазанына жалпы берешегі 5,3 млрд.теңгені құраған. Оның 3,5 млрд теңгесі негізгі қарыздары, 1,6 млрд. теңге өсімпұл және 200 млн. теңге айыппұл. Ал, 2019 жылдың 19 наурызына біздің облыстан 913 тұлға 175 млн.теңге көлемінде негізгі қарызын өтеп отыр. Олардың 20,1 млн. теңге өсімақысы есептен шығарылды.
27 наурыз 2019 ж. 549 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области