Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қаламқас ұңғымасындағы өрт сөндірілді (видео)

Қаламқас ұңғымасындағы өрт сөндірілді (видео)

Энергетика министрлігі "Қаламқас" кен орнындағы №8237 ұңғымада орын алған штаттан тыс жағдайға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, 28 наурыз күні сағат 01:05 "Қаламқас" кен орнындағы №8237 ұңғымасы маңында отқа оранған грифондардың ошағы сөніп қалған.
Дәл қазіргі уақытта сулы-газды қоспа тартылып, пайда болғандар грифондар жабылыпты.
Газды-сулы қоспаның жануы 25 наурыз күні сағат 05:46 орын алды. Оның атқылауы 16 наурызда басталған болатын. Өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 05:58 келіп жетті. Абырой болғандай жапа шеккендер жоқ. Сағат 14:30 қызыл жалынды ауыздықтау үшін Ақтау ҚӨҚ қосымша алты өрт сөндіру техникасы - төрт автоцистерна, бір жылжымалы насосты бекет пен газды-сулы қоспаны сөндіруге арналған бір автомобиль келді.
Маңғыстау облыстық ТЖД бастығы Базарбаев К.Б басшылығымен жедел штабты құрылды.
Хабарланып отырғандай, 13 наурыз күні "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ Қаламқас кен орнының күрделі аймағында ұңғыма құрылысын жүргізу кезінде, кен орынның орталық аймағына тән техногенді сипаттағы газды-сулы қоспа атқылаған.
Оған техногенді газдың жиналып қалуы себеп болыпты. 13-24 наурыз күндері аралығында мамандар күрделі бұрғылы сұйықтық арқылы ұңғыманы тазалау, сонымен қатар грифондарды жою үшін оқшаулау-жөндеу жұмыстарын жүргізген.

28 наурыз 2019 ж. 356 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области