Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 29 наурызға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Осы уақытқа дейін жинаған тәжірибеңізге сүйеніп, жұмыс ауқымын кеңейтуге қолайлы күн. Көптен ойда жүрген жобаларыңызды жүзеге асыруға болады. Бұл жұмыс өз жемісін береді.

Торпақ
Бүгінгі күн нағыз жоспар құрып, жаңа идеяларды жүзеге асыратын күн. «Жеті рет өлшеп, бір рет кес» демекші, барлығын егжей-тегжейлі ойланып барып жасағаныңыз дұрыс. Қарсыластармен соқтығысып, әріптестермен сөзге келіп қалуыңыз мүмкін.

Егіздер
Үй шаруасы немесе мінезіңіздің кейбір осал тұстарын ойлаймын деп біраз уақытыңызды шығындап аласыз. Ойланып әрекет етсеңіз, барлығын қалыпқа келтіруге болады. Түстен кейінгі уақыт жайма-шуақ болмақ.

Шаян
Бүгінгі күн өте керемет. Ішкі түйсікке мән беріңіз, соның айтқанымен жүрсеңіз жолыңыз болатынына сеніңіз. Жаңа табыс көзін табасыз. Үй жануарларымен ойын ойнағанда абай болыңыз.

Арыстан
Өмірілік ұстанымдарыңыз тым жоғары. Жаңа жұмысыңыз сәтімен басталады. Бірақ нақты шешім шығара алмауыңыз немесе өзгелердің араласуы жұмысыңызға кедергісін келтіруі мүмкін.

Бикеш
Жұмысыңыз, жеке өміріңіз, белсенділігіңіз, отбасыңыз, жалпы барлық жағынан да жолыңыз болады. Өміріңізде айтарлықтай өзгерістер орын алады. Дайын болыңыз. Бұрынғы армандарға жетуге сәл қалды. Сондықтан мүмкіндікті жіберіп алмаңыз.

Таразы
Бүгінгі күніңіз сауда-саттықпен өтеді. Жұлдыздар сізге мол табыс келгелі тұрғанын айтуда. Өзіңіз көптен қалап жүрген дүниені сатып аласыз немесе жылжымайтын мүлік сатасыз. Жалпы бүгін көп ақша санайсыз.

Сарышаян
Бүгінгі күн маңызды істі қолға алатын күн. Сондай-ақ сырттан көп ақпарат келеді. Күш-жігеріңізді дұрыс пайдалана отырып, абыройыңызды арттырасыз. Сондай-ақ қаржылық жағдайыңызды жақсартасыз.

Мерген
Бүгін көпшіліктің ортасында болғаныңыз дұрыс. Әріптестермен әңгіме-дүкен құрып, топтық жұмысқа қатысып, ойларыңыз бір жерден шығатын жандармен белсенді демалыс ұйымдастырыңыз.

Тауешкі
Түске дейін маңызды сауалдарға жауап іздеңіз. Әсіресе, сауда-саттық істерін біржақты етіңіз. Бірақ жан-жағыңызға сақ болыңыз. Түстен кейін мазаңыз қашып, күш-қуатыңыз әлсірей бастайды.

Суқұйғыш
Жұлдыздар сізді өз қорғауына алады. Өмірге деген құштарлығыңыз артып, табысты боласыз. Не болмаса сауда жасауда сәттілік серігіңіз болады. Бүгін ұтысқа ие боласыз немесе жақын адамыңыздан сыйлық аласыз.

Балықтар
Нақты шешім шығара біліңіз. Сонда ғана мақсатқа жете аласыз. Мәселені шешу үшін қатып қалған қағидамен жүрудің қажеті жоқ. Кез келген бастамаңыз, тіпті тәуекел еткен ісіңіздің өзі сәтті аяқталады. Өз мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз.
29 наурыз 2019 ж. 503 0

Ұқсас жаңалықтар:

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области