Қызылорда облысындағы орналастыру орындарының қызметі туралы
2018 жылдың қорытындысы бойынша өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда кіру туризмнің келушілер саны 7,0% және ішкі туризмнің келушілер саны 7,3% көбейді, сәйкесінше 3396 адам және 60120 адамды құрады, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz облыстық статистика департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Келушiлерді орналастырумен шұғылданатын орналастыру орындарының саны 98 бірлікті құрап, ондағы орналастыру орындары саны 1171 бөлмеге есептеліп, олардың біржолғы сыйымдылығы 2115 төсек-орынды құрайды. Олармен 63516 адамға қызмет ұсынылып, 975,5 миллион теңгенің қызметі көрсетілген. Орналастыру орындарымен көрсетілген қызметтерінің көлемi (мейрамханалардың қызметтерiн қоспағанда) салыстырмалы бағадағы (НҚИ) есептi кезеңде өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 2,0% ға азайды.