Жұлдыздар не дейді?
Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 3 сәуірге арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Тоқты
Сәтті әрі, жемісті күн. Көшбасшылық қасиетіңіздің арқасында көп жетістікке жетесіз. Түстен кейінгі уақытта аз да болса тынығып алғаныңыз жөн. Тыным таппай жұмыс істеу денсаулыққа зиян.
Торпақ
Шаршағандығыңыз сонша, кейде адам төзгісіз мінез танытасыз. Бұл мінезіңізбен кейде еш жазығы жоқ жандарға да ашуланасыз. Сондықтан өз-өзіңізді қолға алыңыз. Сіздің ашуыңыздан жақындарыңыз опық жеп қалмасын.
Егіздер
Өзекті мәселелерден құтылу оңай емес. Мұндай мәселелер жақын қарым-қатынас орнатқыңыз келгенде пайда болады. Жақындарыңызбен тіл табысу сіз ойлағаннан да қиынырақ болады.
Шаян
Тыныш күн. Бүгін ешқандай жаңалық та, өзгеріс те болмайды. Сондықтан барлық жоспарларыңыз жүзеге асып, күніңіз сіз ойлағандай өтеді. Аздаған мәселелер туындайды, алайда сіз оған бас ауыртпайсыз.
Арыстан
Өткен күндерге есеп беріп, бастан өткізген оқиғаларды саралайсыз. Осылайша өткен күндерде жіберген қателіктеріңізден сабақ алып, алдағы күндерге дұрыс жоспар жасайсыз.
Бикеш
Жақсы қарым-қатынас орнатуға қолайлы күн. Бүгін мінезі қиын, кірпияз адамдармен тіл табысу оңайға соғады. Кез келген басқосуларда айналаңыздағы адамдардың көңілін өзіңізге аудара аласыз.
Таразы
Алдағы күндерге көп жоспар құрғандар үшін сәтті күн. Тың ойларыңызды жүзеге асырып, ауқымды тапсырмаларды орындайсыз. Кез келген қиындықты оңай жеңіп, мақсатыңызға қарай бет аласыз.
Сарышаян
Күн ұзаққа мазаңыз болмай, көңіл-күйіңіз түседі. Алайда айтарлықтай мәселе туындап тұрған жоқ. Көңіл-күйіңіздің неліктен түскенін өзіңіз де білмейсіз. Ұнжұрғаңыздың түсуі жаныңыздағылардың сізге көп көңіл бөлмеуінен болуы мүмкін.
Мерген
Жұмыста табысты боласыз. Жолыңыз болып, қаржылық мәселеңізді шешіп аласыз. Ақшаға қатысты істерде айыңыз оңынан туып тұр. Түстен кейінгі уақытта отбасыңызға көп көңіл бөліңіз.
Тауешкі
Күтпеген жаңалықтарға қанық боласыз. Бұл жаңалықтар сізді де, сіздің жақындарыңызды да қуантпайды. Жаңа таныстықтар орын алады. Сонымен бірге сіздің өміріңізде бұрын маңызды рөл атқарған жанды кезіктіресіз.
Суқұйғыш
Өте керемет күн. Барлық ісіңіз алға басады. Бұрын орындалуына күмән келтірген істі де оңай атқара аласыз. Кейбір адамдар сізді жауапсыз деп ойлап қалуы мүмкін. Бірақ сіз ұсақ-түйекке бола бас ауыртпайсыз.
Балықтар
Демалғаныңыз жөн. Денсаулығыңызды күтіп, ем-дом алыңыз. Жұмыста достарыңыздың көмегіне жүгіне аласыз. Сонымен қатар ата-анаңыз бен туыстарыңыздың ақыл-кеңесі көп көмегін тигізеді.