Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Елбасы кітапханасының көшпелі экскурсиялары Шиелі және Қармақшы аудандарында өтеді

Елбасы кітапханасының көшпелі экскурсиялары Шиелі және Қармақшы аудандарында өтеді

2019 жылғы 5 сәуірде, 15.00 сағатта Шиелі ауданы Шиелі кенті Мәдениет үйінде Елбасы кітапханасының көшпелі экскурсиясы өтеді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.
«Тарихитаңдау. Бастау», «Тарихитаңдау. Өрлеу», «Елбасымәртебесі – ел мәртебесі» және «Атамекен» тақырыптықэкскурсиялары «Тұңғыш» экскурсиялық тұжырымдамасы аясында өткізіледі.
Экскурсияға келушілерге Н.Ә.Назарбаевтың комсомол-металлургтен бастап ҚазКСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы, Жоғарғы Кеңес төрағасы және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне дейінгі еңбек жолын баяндайтын сирек кездесетін бейнематериалдар, фотосуреттер, архивтік құжаттар және жәдігерлерден тұратын бірегей материалдар кешені ұсынылады.
2019 жылғы 6 сәуірде, 14.00 сағатта осындай экскурсия Қармақшы ауданы тұрғындары үшін ұйымдастырылады. Елбасы кітапханасының тақырыптық экскурсиялары Жосалы кенті Мәдениет үйінде өтеді.
Көшпелі тақырыптық экскурсиялар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме ауқымды жобасының бір бөлімі болып табылады. Жобаның басты оқиғасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның тағдырындағы рөлін жүйелі түрде кеңінен көрсететін қор көрмесі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасы2017 жылғы қарашадан бастап жүзеге асырылуда. Осы уақыт аралығында көрме Түркістан, Атырау, Ақтөбе облыстарында, Алматы және Шымкент қалаларында ұйымдастырылып, оны 730 мыңнан астам адам тамашалады.
04 сәуір 2019 ж. 538 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области