Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Роскосмос» МК бас директоры Дмитрий Рогозинді қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Роскосмос» МК бас директоры Дмитрий Рогозинді қабылдады

Қазақстан Президенті Ресей Федерациясымен ғарыш саласындағы, соның ішінде «Байқоңыр» ғарыш айлағының қызметі жөніндегі ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Кеше ғана мен Ресей Федерациясына сапармен барып келдім. Сапар табысты болды деп бағалаймын. Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен маңызды келіссөздер өткізілді. Соның ішінде Сіз жетекшілік ететін сала жөнінде де әңгімелестік. Қазір тиісті жобалар екі тараптың да қарауында», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
«Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының басшысы Қазақстан Президентіне «Прогресс-МС11» жүк кемесінің «Байқоңыр» ғарыш айлағынан Халықаралық ғарыш стансасына сәтті ұшырылғанын мәлімдеді.
«Біз кеше әлемдік рекорд орнаттық. Бұған дейін көлік кемесі немесе экипаж Халықаралық ғарыш стансасына көп айналмалы сызба бойынша екі тәулік ішінде жететін. Кеше ғарыш кемесі Жерді екі рет айналды. Оның стансаға жақындауы және түйісуі 3 сағат 21 минут ішінде жүзеге асты. Мәскеуден Байқоңырға дейін үш сағаттай ұшамыз, енді Байқоңырдан Халықаралық ғарыш стансасына да шамамен сонша уақытта жетуге болады. Қазір алдымызда одан да қысқа сызба жасау міндеті тұр», – деді Дмитрий Рогозин.
Кездесуде тараптар ғарыш саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын, сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің бірлескен «Бәйтерек» ғарыш жобасының іске асырылу барысын талқылады.
05 сәуір 2019 ж. 506 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области