Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Жолда қабылдау»: Қызылордалықтарды не алаңдатады?

«Жолда қабылдау»: Қызылордалықтарды не алаңдатады?

«Жолда қабылдау» акциясын өткізіп жатқан қызылордалық полицейлерге тұрғындардан көлікке және миграциялық төлемдерге қатысты сауалдар көп түскен, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, аймақта 150 мыңдай көлік тіркелген. Оның жартысы облыс орталығына тиесілі.
Шара аясында қарапайым халық полиция департаменті бастығы мен орынбасарлары, жергілікті және әкімшілік полиция қызметі, тіркеу-емтихан қабылдау және жол-техникалық инспекция бөлімшелерінің мамандарына тікелей жолығуға мүмкіндік алды. Акцияда электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтердің қолжетімдігі, онлайн режимде айыппұлды төлеу, тәртіп сақшыларының заңсыз әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану тәртібі туралы құқықтық кеңестер берілді. Шенділер өңірдің барлық аудандары мен Қызылорда қаласының вокзалы мен 2 сауда базарында таңнан кешке дейін қабылдаулар өткізеді.
«Азаматтарға ыңғайлы болу үшін ХҚКО қызметкерлерін шықардық. Олар бізбен бірге осы акцияға қатысып отыр. Бұл іс-шара 2 күн өтеді. Халықта кейде көп сұрақтар туындайды, көбісі бізге келе алмайды. Күнделікті жұмыстары бар. Сондықтан ашық жариялап, адамдар көп шоғырланатын жерде акция өткізудеміз», - дейді облыстық полиция департаментінің бастығы Қайрат Мұхитов.
05 сәуір 2019 ж. 432 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области